«Стик бермесең өлтіремін»: Астанадағы сауда орталығында пышақ ұстаған жігіт жұртты шулатты
Бейнедан кадр: threads.com/_ayazhanyymm_
Оқиға туралы сауда орталығы қызметкерлерінің бірі Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, оқиға сауда орталығы жабылардан аз уақыт бұрын болған. Алдымен жас жігіт электронды темекі сататын орынға келіп, стик талап еткен. Алайда сатушы оған беруден бас тартқан. Сол кезде жігіт пышақ шығарып, сатушыға қоқан-лоқы көрсеткен. Кейін пакетті алып, сауда құрылымын теуіп, көрші дүкенге қарай бет алған.
«Ол бізге кіріп, пышағын сермеп «Маған стик бер» деп талап етті. Артынша «Стик беріңдер, әйтпесе өлтіремін» деді» деп жазды қыз.
Қызметкерлер қорқып, күзет қызметкерлерін көмекке шақыра бастаған. Осы кезде жас жігіт қашып кеткен.
Оқиғаға Астана қаласының полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, полицияға сауда орталығында қолына пышақ ұстаған ер адамның бутиктерге кіріп жүргені туралы хабар түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жас жігіттің жеке басын анықтады. Ол 19 жастағы азамат болып шыққан. Жас жігіт мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілді.
«Тексеру барысында жас жігіттің пышақты үйінен алып шыққаны анықталды. Сонымен қатар оның денсаулығына байланысты мәселе бар екені белгілі болды. Оған жедел жәрдем шақырылып, кейін әкесіне тапсырылды», деп түсіндірді Астана қаласының полиция департаменті.
Біз бұған дейін Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматының ұсталғанын жаздық.
Алаяқтар өздерін Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде танысып, оның банк шотында күдікті операциялар анықталғанын айтқан. Олар жәбірленушіні оның шотына ірі көлемде ақша түсіп, кейін бұл қаражаттың Украинаға аударылғанына сендірген.
Оқи отырыңыз:
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Бірінші сыныпқа 380 мың оқушы барады: Мектептер оларды қабылдауға дайын ба?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық