3600 метр биіктікте адасқан үш турист құтқарылды
Фото: Pexels
Алматы облысының тауларында үш турист түнде адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Қарасай ауданында, Үлкен Алматы асуының маңында болған. Үш турист шамамен 3600 метр биіктіктен таудан түсіп келе жатып жолдан адасқан. Өздері бағыт таба алмаған соң, құтқарушыларға хабарласқан.
«Бұтақты» бақылау-құтқару бекетінен Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары бірден іздеуге шықты. Мамандар туристермен байланыс орнатып, олардың нақты геолокациясын анықтаған.
Құтқарушылар туристерді тау бөктерінен «Алма-Арасан» шипажайына дейін аман-есен жеткізді. Үшеуіне де медициналық көмек қажет болмаған.
Төтенше жағдайлар қызметі тауға шығар алдында ауа райын, бағытты және байланыс мүмкіндігін алдын ала тексеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Оқи отырыңыз:
Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
Мемлекеттік қызметшілер 2027 жылдан бастап жеке мүдделері туралы декларация тапсырады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық