Алматыда самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, қаза тапты
Фото: Әлеуметтік желіден
Алматыда кеше түнгі уақытта электр самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, алған жарақатынан қаза болды. Бұл туралы Orda.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы Варламов көшесінде, Төле би көшесіне жақын жерде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 44 жастағы Алматы тұрғыны электр самокатпен келе жатып, көлік құралын басқара алмай қалған. Ол бордюрге соғылып, құлап түскен.
Қатты құлаған ер адам өміріне қауіпті ауыр жарақат алған.
«Оқиға орнына дәрігерлер дереу жетті. Көрсетілген медициналық көмек пен жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, зардап шеккен адамды құтқару мүмкін болмады», деп хабарлады полиция.
Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам шлем және басқа да жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция оқиғаның нақты себептерін анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.
Еске салсақ, 25 тамыздан бастап Қазақстанда электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салынды.
Енді велосипед жолы немесе велосипед жолағы бар болса, электрсамокатпен тек солар арқылы жүру керек. Ал мұндай жолдар болмаған жағдайда самокатпен жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен қозғалуға рұқсат етіледі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық