Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанда депутаттыққа және басқа да сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлды ұлғайту жоспарланып отыр. Жаңа норма бүгін Мәжіліс депутаттарының талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Парламент Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады. Жобаға сәйкес, сайлауалды үгітке республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлды 5 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін, яғни бес есе арттыру ұсынылып отыр.
Талқылау барысында депутаттар заң жобасында құқықбұзушы тек айыппұл төлеп қана қоймай, мақсатсыз жұмсалған қаражатты толық көлемде бюджетке қайтаруға міндеттелуі тиіс деген норманың неге қарастырылмағанын сұрады.
Сондай-ақ ол қаражат мақсатты түрде жұмсалғанымен, рәсімдеу талаптары бұзылған жағдайда, мысалы, құжаттар дұрыс толтырылмаса, төлем мерзімі бұзылса немесе тапсырыс туралы толық ақпарат болмаса қандай жауапкершілік қарастырылатынын нақтылады.
Бұдан бөлек, бұл жауапкершілік тек жеке тұлға-кандидаттарға ғана қатысты ма, әлде саяси партияларға да тарай ма деген сұрақ қойылды.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі кез келген бұзушылық қаржылық бақылау аясында қаралатынын, ал тексеру нәтижесінде қаражат міндетті түрде бюджетке қайтарылатынын айтты.
Құжаттарды рәсімдеу кезіндегі бұзушылықтарға қатысты қаражат тексерістен кейін ғана бөлінетінін, сондықтан мұндай жағдай «көбіне гипотетикалық» екенін атап өтті. Егер ондай жағдай бола қалса, жауапкершілік құжаттарды тексерген тұлғаларға жүктелуі тиіс.
Әділет министрінің орынбасары Лаура Мерсалимова бюджет қаражатын қайтару әкімшілік жаза болып саналмайтынын, сондықтан оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көрсету мүмкін емесін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл мәселе Бюджет кодексі мен мемлекеттік аудит туралы заңмен реттеледі.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 2025 жылы Қазақстанда 1028 сайлау өткен. Оның ішінде 914-і — аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы, 8-і — аудан әкімдері мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы, сондай-ақ 106-сы — мәслихат депутаттарының сайлауы.
Сондай-ақ бұған дейін Мәжілісте аудан деңгейіндегі әкімдерді сайлау тетігін қайта қарау мәселесі көтерілген болатын.
Депутаттар мұндай әкімдерді тікелей сайлауды уақытша тоқтатып, оларды мәслихат арқылы сайлау немесе тағайындау моделіне қайта оралуды ұсынған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық