Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Polisia.kz
Қызылордадағы жатақханалардың бірінде студент қайтыс болды. 8 мамырға қараған түні қаза тапқан 16 жастағы Нұрдәулет Мырзалының денесін жатақханадан алып шығып жатқан сәті әлеуметтік желілерді тарап кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмның туыстары оның жоғары курс студенттері қатыгездікпен соққының астына алып, студенттің өліміне себеп болғанына сенімді. Отбасының айтуынша, бірнеше үшінші курс студенті Нұрдәулетті ұрып-соғып, кейін болған жайтты жасыруға тырысқан.
Марқұмның әпкесі жасөспірімнің денесі қанға боялған күйде дәлізбен сүйретіліп, кейін бір бөлмеге жасырылғанын айтады. Нұрдәулеттің әкесі де кіші курс студенттерін жатақхананың спорт залына апарып, оларды қорлаған деген мәлімет келтірді.
Аталған факті бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бір күдікті қамауға алынды.
Колледж әкімшілігі жатақханадағы тәртіпті бақылаудың болмауына байланысты бірнеше қызметкердің жұмыстан босатылғанын хабарлады. Сонымен қатар басшылық бұл қайғылы оқиға буллинг емес, жеке жанжал салдарынан болды деп мәлімдеді.
«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияда атап өткендей, қылмыстық істі тергеу барысы басшылықтың ерекше бақылауында.
Қаза тапқан студенттің отбасы тек төбелеске қатысқандарды ғана емес, студенттердің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерді де жауапқа тартуды талап етуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық