Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
Фото: Polisia.kz
Таразда 15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз әкесінің көлігін мініп шығып, полициядан қашып, адам өліміне әкелген жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды Orda.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Түнде кәмелетке толмаған бала әкесінің көлігін екі досымен бірге айдап шыққан. Сағат шамамен үштерде оларды полиция қызметкерлері байқап, тоқтауды талап еткен, алайда жасөспірім қашып кетуге тырысқан.
Полициядан қашқан ол көлікті басқара алмай, Audi маркалы автокөлік электр бағанына соғылған.
Алдыңғы жолаушы орнында отырған жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. Екінші досы ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасау қажет болған.
Ал көлікті басқарған жасөспірімнің өзі ауыр жарақат алмаған. Болжам бойынша, ол көлікті әкесінің рұқсатынсыз алып шыққан.
«Қылмыстық іс аясында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамға тізгін ұстауға жол берген автокөлік иесінің жауапкершілігі қаралады. Сондай-ақ ата-аналар бала тәрбиесі мен бақылауды тиісінше атқармағаны үшін жауапқа тартылады», — деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаменті.
Бұған дейін Көкшетауда жол талғамайтын көлік тұрғын үй ауласында әйелді қағып, ол көз жұмғаны хабарланған еді. Кейін көлікті басқарған адамның жүргізуші куәлігі болмағаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық