Парламент сайлауы референдумнан да қымбатқа түсуі мүмкін
Фото: Parlam.kz
Қазақстандағы парламент сайлауы референдумнан қымбатқа түсуі мүмкін. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, нақты қанша қаражат жұмсалатына әзірге белгісіз, алайда көп нәрсе сайлау науқанының өткізілу күніне байланысты.
«Қазір нақты сандарды атай алмаймыз, бірақ қымбатырақ болады деп ойлаймыз. Біз Құрылтай сайлауының күнін анықтауымыз керек. Соған байланысты сайлауға дайындық қанша күнге созылатыны және комиссия мүшелері қанша уақыт жұмыс істейтіні белгілі болады. Бұл олардың жалақысына тікелей әсер етеді. Қаражаттың едәуір бөлігі дәл осы комиссия мүшелерінің еңбекақысына жұмсалады, ал олардың саны ел бойынша 70 мыңнан асады», — деді Өтемісов.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин де Құрылтай күні белгіленгеннен кейін нақты кететін қаржы есептелетінін айтты.
«Бұл көтеруге болатын сома, және ол алдыңғысынан айтарлықтай ерекшеленбейді. Барлық қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді», — деп толықтырды Жұманғарин.
Еске салайық, биылғы өткен референдумға 21 млрд теңге бөлінген болатын.
Бұған дейін Қазақстанда жақын арада электронды дауыс беруді енгізу жоспарланбайтынын Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
- Елімізде әкімдерді сайлау ережелері өзгереді
- ОСК: Қазақстанда жақын арада электронды дауыс беру енгізілмейді
- Парламент вице-президенттің өкілеттігін түсіндірді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық