Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,8%-ды құрады

cover Фото: Ukimet

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,8% болды. Бүгін Қазақстан Үкіметінің отырысы өтіп, күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы, жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,8% болғанын атап өтті. 

Нақты секторда 4,6%-ға, ал қызмет көрсету саласында 4,7%-ға жеткен. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалады.

Құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс салалары ең жоғары өсімді көрсеткен. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,4% болды.

Сондай-ақ қаңтар-маусым айларында сыртқы сауда айналымы 4,3%-ға өсіп, $67,2 млрд. болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар