Астананың бесінші ауданының атауы белгілі болды
Бүгін Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың төрағалығымен Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, Астана қаласындағы жаңа ауданның атын бекіту мәселесі қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ұсынған «Нұра» атауы бекітілді.
Сонымен қатар, вице-министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Астана қаласындағы бірқатар жаңа көшелерге «Тарихи тұлғалар» тізіміндегі белгілі азаматтардың есімі берілгенін жеткізді.
– Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына сәйкес шаһардағы бесінші ауданға «Нұра» атауы беріліп, бірқатар көшелердің және алаңдардың атауы жаңартылды. Олар:
- Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңы;
- Әл-Фараби даңғылы;
- Гейдар Алиев көшесі;
- Асқар Забикулин көшесі;
- Әскен Нәбиев көшесі;
- Сырбай Мәуленов көшесі;
- Мәншүк Мәметова көшесі;
- Шапық Шөкин көшесі;
- Санжар Асфендияров көшесі;
- Бердібек Соқпақбаев көшесі;
- Бейбарыс Сұлтан көшесі;
- Мағжан Жұмабаев даңғылы;
- Қарамерген көшесі.
Өткен жылы асқан ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің есімі Астана қаласы Есіл ауданындағы Е 583 көшесіне берілді, – деп жазды ол.
Еске салайық, қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинге көше атын беру бастамасын Президент көтерген еді.
Жаңалықтар
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген
- Айыппұл арқалаған миссионер Дарын Мубаровтың сұхбатына құқықтық баға беріледі
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды