Астанада ер адам 4 жастағы жиенін терезеден лақтырып, енесін пышақтап, өзі 7-ші қабаттан секіріп кетті
Көршілерінің айтуынша, отбасылық жанжал ер адамның құмар ойынға әуестігі мен миллиондаған доллар қарызынан шыққан.
Ер адамның әйелі зомагердің қолынан құтылып, қашып үлгерген, деп хабарлайды Astana TV.
Қайғылы оқиға «Хабар» тұрғын үй кешенінде болды. Балконның астындағы баланың денесін бірінші болып 1-қабаттағы көршісі көрген. Таяқ жеп, үсті қанға боялған әйелі көмек сұраған. Астана тұрғыны әлеуметтік желіде бастан кешкен сұмдық туралы айтып берді.
«Таңғы сағат бестер шамасында есігімізді біреу қақты. Ашсам алдымда үсті қан-қан, денесі көгала қойдай болған жас қыз тұр. Ол: «Күйеуім жынданып кетті, ол ойыншы, мені ұрды. Қолына түскеннің бәрімен - темірмен ұрды. Пышақ ала жүгіргенінде одан қашып құтылдым...» деді. Мен бірден киініп,жоғарыға көтерілдім … Менің балконымның астында кішкентай бала жатты, басы жарылып, миынан қан кеткен» деп жазды ер адам.
Оқиғаға куә болғандар шошып кетті. Көршілерінің айтуынша, қайғылы жағдайға әкелген жанжалға ер адамның құмар ойынға әуестігі себеп болуы мүмкін.
Полиция төтенше жағдай туралы түсініктеме берді. Қақтығысқа не себеп болғанын тәртіп сақшылары айтпады.
«Ағымдағы жылдың 5 ақпанында 102 арнасына жанжал болып жатыр деген қоңырау келіп түсті. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды» деп хабарлады Астана полиция департаменті.
Жаңалықтар
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген
- Айыппұл арқалаған миссионер Дарын Мубаровтың сұхбатына құқықтық баға беріледі
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр