Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды

cover Фото: gov.kz

Астанада әскердегі зорлыққа қатысты жалған оқиға таратып, ақша жинаған азамат үш жылға сотталды. Үкімді елордадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.        

Ер адам алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Тергеу барысында биылғы ақпан айында оның интернетте аноним түрде әскерде қызмет ету кезінде жыныстық зорлық көргені туралы ойдан шығарылған оқиғаны жариялап, елден кетуге көмектесуді сұрағаны анықталды.

Ол ақша аударуға арналған деректерін де көрсеткен. Тексеру нәтижесінде бұл азаматтың ешқашан әскери қызмет етпегені белгілі болды.

Ақша алу үшін ол 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Жасөспірімді де ол алдап соққан. Екі күннің ішінде картаға 15-тен астам аударым түскен.

Тергеу кезінде ер адам ақшалай пайда табу мақсатында жалған ақпарат жариялағанын мойындады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар