Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
Фото: Elements.envato.com
Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауға арналған тегін скрининг іске қосылады. Денсаулық сақтау министрлігі жаңартқан ережеге сәйкес, тексеруден тәуекел тобына кіретін азаматтар екі жылда бір рет өте алады, деп хабарлайды Orda.kz.
Елімізде 28 шілдеден бастап алғаш рет өкпе обырын ерте анықтауға арналған тегін скрининг жүргізіле бастайды. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі жаңартқан скрининг қағидаларында көзделген.
Тексеруден 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы, қолқа мен өкпенің қатерлі ісігі диагнозымен диспансерлік есепте тұрмайтын азаматтар өте алады.
Скрининг ең алдымен жоғары қауіп тобына жататын адамдарға арналған. Олардың қатарына темекі шегіп жүрген немесе бұрын шеккен, темекі шегу өтілі 20 жылдан асатын және темекіні тастағанына 15 жылдан аспаған азаматтар кіреді.
Сонымен қатар, соңғы 10 жыл бойы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген азаматтар да тегін тексеруден өте алады. Өкпе обырына арналған скрининг екі жылда бір рет жүргізіледі. Оның мақсаты – ауруды ерте кезеңде анықтап, емдеудің тиімділігін арттыру.
Оқи отырыңыз:
Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық