Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
Фото: gov.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектерінің артуы тұрғын үй бағасына әсер етпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, үкімет коммерциялық тұрғын үй нарығын реттемейді. Бұл сегментте еліміз бойынша бір шаршы метрдің бағасы шамамен 617 мың теңге деңгейінде қалыптасқан.
Ал әлеуметтік пәтерлер мен үйлердің құны өспейді.
«Әрбір өңірге шекті ірілендірілген құн көрсеткіштері жеткізілген. Сондықтан әлеуметтік тұрғын үй бағасы мемлекет тарапынан бақылауда болады», – деп түсіндірді ол.
Коммерциялық тұрғын үйге қатысты министр бұл нарықта баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасатынын, бұған үкіметтің қатысы жоқ екенін айтты.
«Мен тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі немесе төмендеуі туралы болжам жасамаймын. Бұл дұрыс емес деп санаймын. Дегенмен өсімге алғышарттар жоқ. Егер жылдың алғашқы айларында нарықтағы белсенділіктің төмендегенін байқасақ, жаз мезгілінде әдетте тұрғын үйге сұраныс артады», – деді Нағаспаев.
Министр зейнетақы жинақтары жеткіліктілік шектерінің артуы баға қалыптасуына әсер етті ме деген нақтылау сұрағына министр олай емес деп жауап берді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық