Қайрат Боранбаев қиын балалық шағы туралы айтты
Бизнесмен Қайрат Боранбаев өзінің қиын балалық шағы туралы әңгімелерімен бөлісуді жөн көрді.
Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы оның ата-анасы «қарапайым кеңес қызметкерлері», әкесі заңгер, анасы есепші болғанын айтты.
- Өкінішке қарай әкем ерте кетті. Оның кетуімен өмір қиындай түсті. Біздің отбасымызға ақша жетпеді. Анамның негізгі жұмысынан бөлек тағы үш толық емес жұмысы болды. Анам, әпкелерім, ағаларым және мен - отбасымызда 5 адам болдық. Бәріміз мектепте күзетші болып жұмыс істедік, еден жуып, кинотеатрды күзеттік, - деп есіне алды ол.
Кәсіпкердің айтуынша, «еңбек қана адамды жақсартатынын» сонда түсінген. Одан кейін Боранбаев спортқа деген құштарлығы туралы айтты.
- Мектепті бітіргеннен кейін мен арасында оған баратынмын. Ал бір сапарымда, осыдан бірнеше жыл бұрын туған жерім Арқалыққа әкемнің бейітіне бардым. Өзім пайдаланған парталарды көріп, мектепке жаңа парта, компьютер сыныбын беріп, жөндеу жұмыстарына көмектесуді жөн көрдім. Жалғасы бар …, - делінген кәсіпкердің Instagram парақшасында.
Еске салсақ, 12 қаңтарда кәсіпкер қамауға алынғаннан кейінгі алғашқы жазбасын әлеуметтік желіде жариялаған болатын.
2022 жылдың 15 наурызында Боранбаевты Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) қызметкерлері ұстады. Қайрат Боранбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы келіні Әлима Боранбаеваның әкесі.
Кәсіпкер, сондай-ақ «Qazaq Gaz» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңгені жымқырды және қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінді. Іс сотқа жіберілді.
Жаңалықтар
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген
- Айыппұл арқалаған миссионер Дарын Мубаровтың сұхбатына құқықтық баға беріледі
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды