Ақмола облысында тоқтап тұрған шахтадан екі ер адамның мәйіті табылды
Бестөбе ауылындағы тоқтап тұрған шахтадан заңсыз алтын өндірумен айналыспақ болған екі ер адамның мәйіті табылды.
15 қаңтарда Степногорск қаласы полициясына «Центральный» шахтасының диспетчерінен 520-аумақтағы рудалар астынан екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қаза болғандардың жеке басы анықталды. Солардың бірі Бестөбе ауылының 1986 жылы туған тұрғыны. Бірнеше жыл бұрын ол шахтада шөктіруші болып жұмыс істеген. Екінші құрбан - Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Куәгер – сол баяғы «қара» барлаушы – мәйіттерді бір үйіндінің астынан тауып алғанын, кейін басқа барлаушылардың көмегімен оларды жер бетіне көтергенін айтты.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі «Күзетілетін нысанға заңсыз кіру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.
Кенішке иелік ететін «АҚ Алтыналмас» АҚ Бестөбеде алтынды заңсыз іздеу қауіпті екенін бірнеше рет ескерткен. Шахта 2021 жылдың жазында істен шыққан, онда желдету және көтеру қондырғылары жұмыс істемейді, байланыс және электр қуаты жоқ, шахта оқпандары бітеліп қалған, ішке жер асты сулары өтіп жатыр. Соған қарамастан, жүздеген заңсыз кеншілер алтын кенінен пайда табу үмітімен шахтаға кіруге тырысуда.
Жаңалықтар
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген
- Айыппұл арқалаған миссионер Дарын Мубаровтың сұхбатына құқықтық баға беріледі
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды