Алаяқ өзін салық қызметкерімін деп таныстырып, астаналық кәсіпкерден ақша бопсалаған

cover

Астанада өзін фискалдық орган қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азамат ұсталды.

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлайды.

Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, аталған азамат  моральдық қысым көрсетіп, кәсіпкерден 300 мың теңге ақша талап еткен. 

Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталды. 

Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар