Студентті пышақтап өлтірген 14 жастағы жасөспірім 8 жылға сотталды
Коллаж: Orda.kz
Есік қаласында 17 жастағы жігіті екі жерінен пышақтап өлтірген 14 жастағы бала 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін сайтымызда осы оқиғаға қатысты толыққанды материал шықты. Жәбірленушінің туыстары бізге берген сұхбатында 17 жастағы баласын көшенің қақ ортасында екі жерінен пышақтап әрі басынан соққы жасап өлтірген бір үйдің ағайынды 14-17 жастағы балалары екенін айтқан еді. Алайда олар екі істі екі бөлек қарап жатқанына наразы болған.
Кеше осы іс бойынша марқұмды екі жерінен пышақтаған негізігі күдікті 14 жастағы балаға қатысты Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотында үкім шығып, жасөпірім 8 жылға сотталды. Жасөспірім «адам өлтіру» бабы бойынша қамалды.
«Үкім бойынша 2 млн материалдық шығын, яғни баланың жерлеуіне кеткен шығындар өтелді. Сонымен қатар, өкілдік шығын ретінде 1 млн және моралдық шығын ретінде 10 млн арыз-талап қанағаттандырылды. Сот барысында қорғау тарабының адвокаты бала қылмысты аффект күйінде болды деп басқа бапқа ауыстырғысы келді» ,—дейді адвокат Мейірман Шекеев.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылдың 1 қаңтарында Алмалы ауылында болды. Тергеу дерегінше, 17 жастағы Жангелді Мұратты екі ағайынды жасөспірім 14 және 17 жастағы балалар жарақаттаған. Кіші жасөспірім пышақ қолданған, ал үлкені жәбірленушіні ұрып-соққан. Жарақат алған бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Марқұмның туыстарының айтуынша, жанжал қыз баланы шығарып салу мәселесінен басталып, кейін төбелеске ұласқан.
Ал 17 жастағы ағасына «ұрып-соғу» бабы бойынша іс тіркелді, оның да соты жақында болады.
Оқи отырыңыз:
Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
Қарағандыда пышақ ұстаған жасөспірім 8 жастағы баланың соңынан аңдыған
Қыз үндемесе — келіскені: Талибан балалар некесіне жол ашты
Жаңалықтар
- Бестөбе кенішіндегі шахтадан алтын іздеген тағы екі адам қаза болды
- Студентті пышақтап өлтірген 14 жастағы жасөспірім 8 жылға сотталды
- Шымкенттік түлек шетелдің 90 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды
- Алматыда BRT құрылысы тоқтатыла тұрып, LRT жобасы жүзеге асырылады
- Асхат Аймағамбетов түлектер кеші «даңғойлық жәрмеңкесіне» айналғанын айтты
- Әуетакси Алматы әуежайынан Медеуге дейін 10–12 минутта жетеді
- Тәуелсіздік сарайында Кения президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- Қазақстан тумасы Дубайдағы криптобизнесмен мен оның жұбайын өлтіру ісіне күдікті
- Маңғыстауда бұрғылау жұмыстарына қатысты 474 млн теңге айыппұл салынды
- Парламент алты Конституциялық заңды қабылдады
- Парламент Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі туралы заңдарды екінші оқылымда қабылдады
- АҚШ Сенаты Қазақстанда туған Әсел Робертсті Словенияға елші етіп бекітті
- Mango негізін қалаушысының ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды
- Парламент президент туралы заңды екінші оқылымда бекітті
- Түркиядан Жәнібек хан туралы 1350 жылы жазылған қолжазба жеткізілді
- Атырауда полиция қызметкері адамдарды балағаттаған: ІІМ тексеріс жүргізіп жатыр
- Алматы маңында ұшақ бұталар арасына қонып, тергеу басталды
- Сауд Арабиясы алғашқы кванттық компьютерін іске қосты
- Си Цзиньпин мен Путиннің Бейжіңдегі кездесуі басталды
- Қазақстанға Кения президенті келді