Әуетакси Алматы әуежайынан Медеуге дейін 10–12 минутта жетеді
Фото: Orda.kz
Болашақта Алматы әуежайынан Медеуге дейінгі аралықты 10–12 минутта еңсере алатын аэротаксидің коммерциялық ұшулары 2028 жылға қарай іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Оған дейін аппараттарды сертификаттау, инфрақұрылым салу, дрондар мен eVTOL аппараттарын басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеу және басқа да дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
eVTOL аппараттары арнайы вертипорттар арқылы ұшып-қонады. Вертипорт — зарядтау жүйесі мен заманауи навигация орнатылған шағын әуе алаңы. Әуежайлардан айырмашылығы — мұндай нысандарды қала ішіне, ғимарат шатырларына немесе бизнес-кластерлер маңына орналастыруға болады.
Демонстрациялық ұшуды қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясы Қытай, Оңтүстік Корея, Италия және АҚШ-тағы халықаралық серіктестерімен бірге ұйымдастырды. Жоба толықтай жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылып жатыр. Компания мәліметінше, Alatau City-де қалалық әуе мобильділігін дамытуға шамамен 300 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған.
19 мамыр күні Alatau City-де Орталық Азия тарихындағы алғашқы eVTOL аэротаксиінің демонстрациялық ұшуы өтті. Қазақстан өңірде алғаш рет қалалық әуе мобильділігінің толыққанды экожүйесін — аэротакси, жүк дрондары және цифрлық әуе навигациясын таныстырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба тек аэротаксимен шектелмейді. Қонақтарға Keeta Drone (Қытай) және A2Z (АҚШ) компанияларының жүк жеткізуге арналған дрондары, сондай-ақ Korea Airports Corporation мен Shenzhen Urban Transportation Planning Center әзірлеген UATM цифрлық навигациялық платформасы көрсетілді.
AAAG компаниясының мәліметінше, олардың басты мақсаты — тек технология әкелу емес, Қазақстанда жаңа индустрия қалыптастыру.
«Біздің міндетіміз – технологияны жеткізумен шектеліп қалмай, толыққанды инфрақұрылым, инженерлік құзыреттер мен қазақстандық мамандарға арналған жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру. Alatau City жаңадан салынып жатқандықтан, әуе мобильділігін қаланың мастер-жоспарына бастапқы кезеңнен енгізуге мүмкіндік бар», — деді компания өкілдері.
AutoFlight компаниясы да Қазақстанды болашақ аэротакси жүйелерін сынақтан өткізетін маңызды алаңдардың бірі ретінде қарастыратынын мәлімдеді.
«Қазіргі таңда eVTOL технологияларының даму деңгейі электромобильдердің 10–15 жыл бұрынғы кезеңіне ұқсайды. Қазақстан бұл өзгерістерге алғашқы кезеңде қосылып отыр», — деді компания өкілдері.
Тараптар Қазақстанда маркетинг, сату, оқыту, инфрақұрылым, жерүсті операциялары және техникалық қызмет көрсету бағыттарын қамтитын толыққанды өңірлік экожүйе қалыптастыруды жоспарлап отыр. Сонымен бірге технологиялық тәжірибе мен ноу-хау алмасу да қарастырылған.
Бұл жүйелер бірігіп әлемдік индустрияда Low Altitude Economy — «төмен биіктіктегі экономика» деп аталатын жаңа бағытты қалыптастырады. Оған жолаушылар тасымалы, жүк логистикасы және әуе кеңістігін цифрлық басқару кіреді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық