Қазақстан тумасы Дубайдағы криптобизнесмен мен оның жұбайын өлтіру ісіне күдікті
Фото: Роман Новактың инстаграм парақшасынан
Санкт-Петербургтік криптобизнесмен Роман Новак пен оның жұбайы Аннаның БАӘ-дегі қатыгез түрде өлтірілгені туралы 2025 жылы белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, ерлі-зайыптыларды «инвестормен» кездесу сылтауымен алдап шақырып криптовалюта әмиянына қолжетімділік талап еткен, ал шотта ақша жоқ екені белгілі болғаннан кейін оларды өлтіріп, денелерін бөлшектеген.
Ерлі-зайыптылар өз еліндегі жанжалдан кейін Дубайға қоныс аударған: Новак криптовалютаға инвестиция жасау түріндегі алаяқтыққа қатысты айыпталған болатын. РБК авторларының тергеу деректеріне сілтеме жасап жазуынша, 2025 жылдың қазан айының басында оларды жалға алынған коттеджге алдап әкеліп, криптовалюта әмияндарының парольдерін талап еткен, азаптап, кейін өлтірген. Ерлі-зайыптылардың денелері шөл даладан химиялық ерітінділері бар қаптардан табылған.
Кейін Санкт-Петербургте үш күдікті ұсталды: Юрий Шарыпов, Константин Шахт және Владимир Далёкин. Тергеу нұсқасы бойынша, олар қылмыстың ұйымдастырушылары әрі орындаушылары болған. Ұсталғандардың екеуі қылмысты жасағанын мойындаған. Ал негізгі ұйымдастырушы деп танылған Константин Шахт өз кінәсін жоққа шығарып отыр. Сондай-ақ төрт ықтимал сыбайлас ұсталған.
Белгілі болғандай, іс бойынша фигуранттардың бірі Владимир Далёкин Теміртау тумасы. Бұл туралы «Эдуард Петровтың тергеуі» атты телебағдарламада айтылды. Онда Далёкин Мәскеуде кездейсоқ жүргені, оны мерзімді әскери қызметке шақырғаны хабарланды.
Әскерден кейін ол сол жақта қалып, әрлеуші болып жұмыс істеген, кейін ұзақ жылдар автобус паркінде жүргізуші болған.
Қылмысқа қатысуын ол ауыр қаржылық жағдаймен түсіндірген. Сондай-ақ сыбайластарымен бірге Новак пен оның жұбайын бақылау үшін Дубайға үш рет барғанын айтқан.
Далёкин өз әрекетіне өкініш білдірді.
«Мен істеген ісіме қатты өкінемін, кінәмді толық мойындаймын — мүлде, толық. Роман мен Аннаның туыстарынан, олардың балаларынан кешірім сұрағым келеді. Кешіріңіздер, егер мүмкін болса. Бізді кешіріңіздер, шын жүректен кешірім сұраймын», — деді ол.
Тергеу Роман Новак пен оның жұбайының БАӘ-дегі өліміне қатысты барлық мән-жайды зерттеуді жалғастырып жатыр, сондай-ақ бұл резонансты әрі қатыгез қылмыстың тапсырыс берушісі кім болғанын анықтауда.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық