Бестөбе кенішіндегі шахтадан алтын іздеген тағы екі адам қаза болды
Фото: Ашық дереккөзден
Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахтаның кен үйінділері астынан екі адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға заңсыз алтын іздеу әрекеті кезінде болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Соңғы кездері Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарда (әсіресе «Новая» кенішінде) алтынды заңсыз жолмен іздеушілердің қаза табуы немесе жарақат алуына байланысты қайғылы оқиғалар жиілеп кетті.
Ақмола облысындағы Бестөбе кенішіндегі шахтада опырылып түскен тау-кен жынысы басып қалған 38 және 21 жастағы екі ер адам мерт болған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі (Қорғалатын нысанға заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша 19 мамырда болған, шахтаға заңсыз кірген екі адамды тереңде тас басып қалған деп жазды. Құтқарушылар оларға шамамен бір жарым шақырым жүріп жетіп, жер бетіне алып шыққан, бірақ екеуінің де олар келгенше қайтыс болы кеткені белгілі болды.
Бұл екі азамат Солтүстік Қазақстан облысынан келген болуы мүмкін деген болжам бар.
Қауіпті жағдайларға, бірнеше рет ескертулерге, тұрақты суық ауа райына қарамастан заңсыз алтын іздеушілер өмірлерін қатерге тігіп, шахтаға түсулерін қоймай отыр. Компания шахтаға заңсыз түсуден бас тартуға шақырып, шахтадан алтын іздеушілерді осындай қауіп-қатерге ұрынуы мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық