Сауд Арабиясы алғашқы кванттық компьютерін іске қосты
Фото: SPE.org
Сауд Арабиясының ұлттық мұнай-газ компаниясы Saudi Aramco мен француздық кванттық есептеулер компаниясы Pasqal корольдіктегі алғашқы кванттық компьютердің іске қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Дахран қаласында іске қосылған бұл жоба Сауд Арабиясының жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдер саласындағы позициясын күшейтуге деген ұмтылысын көрсетеді.
Салтанатты рәсім барысында Таяу Шығыстағы алғашқы коммерциялық QCaaS (Quantum Computing as a Service — «қызмет ретінде кванттық есептеу») платформасы да таныстырылды. Бұл платформа бүкіл әлемдегі компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарына қорғалған бұлтты интерфейс арқылы кванттық есептеу ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба энергетика, материалтану және өнеркәсіп салаларында кванттық қосымшаларды дамыту үдерісін жеделдетуге бағытталған.
Aramco компаниясының технология және инновация жөніндегі атқарушы вице-президенті Ахмад Әл-Хувайтер Сауд Арабиясындағы технологиялық және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, атап айтқанда Корольдіктегі алғашқы кванттық компьютерді іске қосуға елеулі үлес қосып отыр.
Оның басшылығымен Сауд Арабиясы экономиканы әртараптандыруға және білімге негізделген инновациялық экожүйе қалыптастыруға бағытталған жобаларды белсенді жүргізуде.
«Бұл кванттық серпіліс – біздің саудиялық зерттеушілеріміздің, инженерлеріміздің және ғалымдарымыздың еңбегі. Бірлескен оқыту мен зерттеулерге инвестиция сала отырып, біз корольдік ішінде әлемдік деңгейдегі кванттық технологиялар бойынша сараптамалық білім қалыптастырып жатырмыз. Бұл білім келесі буындағы энергетикалық шешімдердің негізіне айналып, төмен көміртекті отын түрлерін дамытуға және кен орындары мен жеткізу тізбектерін оңтайландыруға мүмкіндік береді», – деді Ахмад әл-Хувайтер бұл жетістікке тоқталып.
Жобаның іске қосылуы Сауд Арабиясының «Vision 2030» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Бұл бастама ел экономикасын әртараптандыруға және білімге негізделген инновациялық экожүйе құруға бағытталған. Аталған бағдарлама шеңберінде ел жасанды интеллект, бұлтты есептеулер және кванттық технологияларға инвестицияны күшейтіп келеді.
Кванттық компьютердің негізінде Pasqal әзірлеген процессор жатыр. Ол нейтрал атомдар технологиясына сүйеніп жұмыс істейді және 200 бағдарламаланатын кубитті басқара алады. Бұл есептеу қуаты Saudi Aramco компаниясында порттық логистиканы оңтайландыруға, көмірқышқыл газын сақтау жобаларын жетілдіруге, бұрғылау жұмыстарын жоспарлауға және төмен көміртекті отын түрлерін дамытуға пайдаланылмақ.
Сонымен қатар, бұлтты платформаға сыртқы ұйымдар, соның ішінде ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер де қол жеткізе алады.
Айта кетейік, жоғары технологияларды дамыту Сауд Арабиясының «Vision 2030» экономиканы әртараптандыру мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі саналады. Осы бағытта Wa’ed Ventures үш жыл бұрын Pasqal компаниясына инвестиция салып, озық технологияларды ел ішінде дамытуға жол ашқан болатын.
Жалпы алғанда, бұл жоба энергетика мен өнеркәсіп салаларындағы күрделі міндеттерді шешуде кванттық технологиялардың классикалық компьютерлерге қарағанда жаңа мүмкіндіктер ашатынын көрсетеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық