Парламент Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі туралы заңдарды екінші оқылымда қабылдады
Фото: gov.kz
Парламент Құрылтай және Қазақстан Халық Кеңесі туралы конституциялық заңдарды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң жаңартылған Конституция нормаларын іске асыру мақсатында әзірленген. Бұл Конституция 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған болатын.
Құжат бір палаталы парламент – Құрылтайдың конституциялық-құқықтық негіздерін бекітеді. Сонымен қатар оның мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, қызметінің қағидаттары, құрылымы, қалыптасу тәртібі және өкілеттіктерін жүзеге асыру тетіктері айқындалады.
Жаңа заң шығарушы орган 5 жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Заңда олардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, депутаттық бірлестіктер құру тәртібі, парламенттік көпшілік пен оппозиция институттары, сондай-ақ депутаттық әдеп нормалары белгіленген.
Сондай-ақ заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілер қатары кеңейтіледі. Енді Қазақстан Халық Кеңесі де тиісті шешім қабылдау арқылы Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады.
Қабылданған заңда Құрылтайдың Үкіметпен өзара іс-қимыл тәртібі де нақты көрсетілген. Атап айтқанда, Үкімет мүшелерін тағайындау үшін кандидатуралар бойынша консультациялар өткізу, олардың есептерін тыңдау және депутаттық бастамаларға Үкіметтің үш ай ішінде қорытынды беруі қарастырылған.
Сонымен қатар Құрылтай президентке вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім береді. Бұдан бөлек, президенттің ұсынуымен Жоғарғы сот судьяларын сайлау құқығы да Құрылтай депутаттарына беріледі. Заңда Құрылтайдың Конституциялық сот пен Жоғарғы сот судьяларының қол сұғылмаушылығын алып тастау тетіктері де қамтылған.
Осыған қоса Парламент «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заңды да екінші оқылымда қабылдады. Бұл құжат Конституцияны іске асыру аясында әзірленген.
Жаңа заң Қазақстан Халық Кеңесін халық мүддесін білдіретін және мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға қоғамдық қатысуды қамтамасыз ететін жоғары конституциялық консультативтік орган ретінде айқындайды. Бұл институт келісілген ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейтін алаң қызметін атқарады.
Қазақстан Халық Кеңесіне ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, бүкілхалықтық референдум өткізу бастамасын көтеру, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі. Сонымен бірге оған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін ұйымдастыру міндеті жүктеледі.
Кеңес құрамында қоғамның негізгі топтарының теңгерімді өкілдігі қарастырылған. Атап айтқанда, этномәдени бірлестіктерден, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сектордан, сондай-ақ мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден әрқайсысынан 42 адамнан кіреді. Оларға қойылатын талаптар, құқықтары мен міндеттері де заңда нақты белгіленген.
Заңда Қазақстан Халық Кеңесінің ұйымдық құрылымы да айқындалған. Оның ең жоғары органы – негізгі шешімдер қабылдайтын Сессия. Жекелеген бағыттарды пысықтау үшін тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтары құрылады. Ал қызметін ұйымдастырушылық және талдамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін мемлекеттік орган мәртебесіндегі Хатшылық жұмыс істейтін болады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық