Түркиядан Жәнібек хан туралы 1350 жылы жазылған қолжазба жеткізілді
Фото: Қазақ хандығының 550 жылдығы сайтынан
Түркияның Топкапы сарайынан Жәнібек хан туралы 1350 жылы жазылған қолжазба жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Кеше Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумы өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі. Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен делегация қатысып отыр. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.
Шара Алтын Орда мұрасын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылау үшін түрлі елдің жетекші ғалымдарын, археологтарын, тарихшыларын біріктірді.
Осы орайда Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу университетінің аға ғылыми қызметкері Өмірбек Қанай «Ақорда» бағдарламасына сұхбат беріпті.
Ғалым Топкапы сарайындағы архивтен табылған екі қолжазба жайлы айтты. Қолжазбаның бірінде Жәнібек хан Алтын Орданы билеген тұста шекараға қатысты тың дерек бар. Ал екінші қолдазба – астрономиялық еңбек.
Жәнібек хан — Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі және оның 1474-1480 жылдардағы билеушісі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық