Си Цзиньпин мен Путиннің Бейжіңдегі кездесуі басталды
Фото: Ашық дереккөзден
Ресей президенті сәрсенбі күні Бейжіңде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Владимир Путин екі елдің түстерімен безендірілген Тяньаньмэнь алаңына келіп жетті. Онда оны әскери оркестр мен қытайлық әскери қызметкерлердің салтанатты сапы қарсы алды, сондай-ақ қолдарына Қытай мен Ресей туларын ұстаған балалар күтіп тұрды.
Бұл — Путиннің 2026 жылғы алғашқы шетелдік сапары.
Си Бейжіңде Путинмен АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға ресми сапармен келгеннен бір апта өткен соң кездесіп отыр.
Ресей президенті Владимир Путинді Бейжіңде салтанатты түрде қарсы алды. Тяньаньмэнь алаңында ресейлік көшбасшы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен қол алысты. Салтанатты рәсімнің алғашқы кадрлары жарияланды.
Осы кездесумен Владимир Путиннің сапар бағдарламасы басталды. Қытай төрағасы Ресей президентін қарсы алып, кейін екі ел басшылары өз делегация мүшелерін таныстырды.
Ресми қарсы алу рәсімі аяқталған соң Путин мен Си Цзиньпин бірлескен суретке түседі, одан кейін келіссөздер басталады. Келіссөздердің басты тақырыбы – Мәскеу мен Бейжің арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту және халықаралық күн тәртібі.
Алдымен көшбасшылар тар құрамда кездесу өткізеді. Бұл жиында Ресей мен Қытай арасындағы ең маңызды әрі күрделі мәселелер талқыланады. Ресей тарапынан кездесуге бес вице-премьер, президент әкімшілігінің өкілдері, бірнеше министр және ірі бизнес өкілдері қатысады.
Сапар Ресей мен Қытай арасындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы келісімнің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Келіссөздер қорытындысы бойынша шамамен 40-қа жуық бірлескен құжатқа қол қою жоспарланған.
Путиннің айтуынша, соңғы ширек ғасырда Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы 30 еседен астам өскен. Қазір екі ел арасындағы сауда көлемі бірнеше жылдан бері $200 млрд-тан асып отыр. Ресей президенті өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және жоғары технологияларды ынтымақтастықтың басты бағыттары деп атады.
Ал Си Цзиньпин Ресей мен Қытай «жаһандық басқарудың әділеттірек жүйесін» құруы керек екенін айтты. ҚХР төрағасының сөзінше, Мәскеу мен Бейжің арасындағы байланыс әлемге «тұрақтылық пен болжамдылық» береді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық