Mango негізін қалаушысының ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: RTL/Nieuws
Каталония полициясы испаниялық Mango сән империясының негізін қалаушы Исак Андиктің ұлы Джонатан Андикті әкесін өлтірді деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.
Kazinform агенттігінің Еуропадағы меншікті тілшісінің мәліментінше 45 жастағы Джонатан Андик — Mango директорлар кеңесі төрағасының орынбасары. Ол сейсенбі күні таңертең Барселонадағы үйінде қамауға алынып, бірден жауап алу үшін Марторель қаласындағы (Барселона маңы) тергеу сотына жеткізілген.
Испаниядағы ең бай адамдардың бірі саналатын Исак Андик 2024 жылғы 14 желтоқсанда 71 жасында қаза тапқан. Белгілі болғандай, ол Монтсеррат тауларында жаяу серуендеп жүрген кезде шамамен 100 метрлік жартастан құлап кеткен. Оқиға кезінде оның ұлы Джонатан Андик жалғыз куәгер болған.
Алғашында өлім жазатайым оқиға ретінде тіркеліп, іс 2025 жылдың басында жабылған. Алайда 2025 жылдың қазан айында ұлының жауаптарындағы сәйкессіздіктер анықталғаннан кейін тергеу қайта басталды. Полиция Джонатанның ұялы телефонын тәркілеп, зерттеген, сондай-ақ басқа да дәлелдерді саралаған.
Соған қарамастан, Джонатан Андик әкесінің өліміне қатысы барын басынан бері жоққа шығарып келеді. Оның айтуынша, бұл — қайғылы жазатайым жағдай. Андик отбасы да ұлдарының кінәсіз екенін айтып, тергеумен ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Түркияда дүниеге келген Исак Андик Mango компаниясын 1984 жылы Каталонияда құрған. Қазір брендтің әлем бойынша шамамен 2900 дүкені бар. 2024 қаржы жылының қорытындысы бойынша компанияның сатылымы 3,3 млрд еуродан асып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Forbes нұсқасы бойынша, Исак Андик Испаниядағы ең бай бес адамның қатарына кірген.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанға Кения президенті келді
- Түркиядан Жәнібек хан туралы 1350 жылы жазылған қолжазба жеткізілді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық