Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
Фото: Orda.kz
Есік қаласында қызды шығарып салуға барған 17 жастағы жігітті бір үйдің ағайынды 14 жастағы жасөспірім баласы екі жерінен пышақтап, ал оның 17 жастағы ағасы басынан бірнеше рет теуіп өлтірді. Марқұмның туыстары енді екі кәмелеттік жасқа толмаған жасөпірімдердің ісі екі бөлек қаралып жатқанына наразы. Orda.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.
Оқиға 2026 жылдың 1 қаңтарында Есік қаласының Алмалы деген шағын ғана ауылында болды. 17 жастағы Жангелді Мұрат 9 сыныпты бітіріп Талғардағы медициналық колледжге түскен, жаңа жылда мерекені бірге тойламаққа әрі жақындарының қасында болуға ауылға келген екен. Сол келгендегі сапары оның соңғы сапары боларын білмедік деп, ата-анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Марқұмның анасы Жанар Талқанбаеваның айтуынша, оқиға шын мәнінде болмашы бір себептен басталған екен. Жангелді Мұрат өзін шығарып салуды өтінген қызға бара жатқанда бір-екі көше ары тұратын сол ауылдың балаларына жолығып қалып, сөзден сөз шығып, арты төбелеске ұласып кеткен.
«Балам 1 қаңтарда әлеуметтік желіде отырғанда көрші көшенің қызы өзін бір үйден алып кетіп, шығарып салуды өтінеді. Жангелді жақсы деп сол үйге бара жатқан жерінен алдынан 14 жастағы Есікте спорт мектепте оқитын бала шығып, қасында тағы бірнеше бала бар, баламнан қайда бара жатқанын сұрайды. Жангелді еш арам ойы жоқ пәленше деген қызды шығарып салайын деп едім деп айтады. Содан әлгі бала менің ұлыма дікеңдеп «ол біздің қарындасымыз неменеге шығарып саласың» дегендей сынықтан сылтау іздеп тиісе бастайды. Сол жерде екеуі ерегісіп қалады да, ары қарай 14 жастағы бала өзінің үй жағына ағасына ертіп алып барады. Сол жерде төбелес басталып, ағасы баламның басын тепкілеген, ал мына бала өкпесімен қолтығы жағынан пышақ салған да оқиға орнынан қашып кеткен», – деді анасы.
Жанар Талқанбаеваның айтуынша, тұла бойы тұңышы сол жерде аузынан атқылаған қанға тұншығып ауруханаға барар жолда жан тапсырыпты.
«Куәгерлердің айтуынша, сол сәтте жедел жәрдем шақырған бірақ олар ұзақ келмеген соң араға 40 минуттай салып өздері көлікке салып апарған екен. Балам аузынан атқылаған өз қанына тұншығып өлді. Мақсаты бөлек, бітімі екерекше еді осы баламның, бес уақыт намазын тастамай оқитын еді, артық бір көшеге де шықпайтын тұйық, өзімен өзі жүрген бала еді. Қарап отырсам, болмашы бір себеп үшін өліп кеткеніне ішім удай ашиды. Анықталғандай әлгі менің қарындасым деп сөйлеген балалардың ол қыз шын мәнінде ешқандай қарындасы болмай шықты, тіпті ол қыз бұларды танымайды да, араласпайды да екен. Екі ортада балам себепсізден себепсіз күйіп кетті ғой», – дейді қайғыдан қан жұтқан ана.
Қазіргі уақытта Жанар Талқанбаеваның айтуынша, Жангелді Мұратты пышақтаған 14 жастағы балаға «адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторында екен. Ал оның туған ағасы, 17 жастағы жасөспірімге 109- баптың 2-бөлігі 8-тармағы, яғни «ұрып-соғу» бойынша іс қозғалса да бала мектепке барып жүр екен.
«Ол отбасының екінші баласы істі болса да мектепке барып, ТикТок-та отырып, есігіміздің алдынан ары-бері өтеді екен. Ол барған мектепке Жангелдінің артында қалған інісі мен қарындасы да барады. Ағаларының өліміне себепші болған жанды күнде мектепте ойнап-күліп, ештеңе болмағандай жүруін көру қиын. Немеремнің Жангелді өлген соң шашы ағарып кетті, ал інісі уайым-қайғыдан ісініп кетті. Неге ол бала істі болса да мектепке барып жүр? Ең сұмдығы ол екі күдіктінің анасы сол немерелерім оқитын мектепте мұғалім», – дейді марқұмның атасы Мұрат Қараджанов.
Марқұмның анасының айтуынша, қазір іс сотқа өткен тіпті алғашқы сот отырысы да болған екен. Олардың ең басты наразылығы бір үйдің екі ұлының бірі ұрып, екіншісі пышақтаған істі екі бөлек қарап, екі бөлек сот процесі болатынын түсіне алар емес.
«Менің ойымша бұл іс «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе ұйымдасқан топпен жасалған кісі өлтіру» бабымен қаралуы керек. Неге бұл іс екі бөлек қаралуы керек? Екеуі бір адамның өліміне себепші болып отыр. Куәгерлер бар, өздері де жауап берді, бірі екі рет пышақтап, екіншісі басынан тепкілеп, миына қан құйылған. Менің ана ретінде, осы елдің азматшасы ретінде талабым екі іс бірге қаралсын. Оның үстіне екі іске екі адвокат жалдайтын менде қаражат та жоқ», – деді Жанар Талқанбаева.
Қазіргі уақытта, іс сотқа өтті, негізі сот отырыстары енді басталады. Бұл істі қолға алған танымал заңгер Мейірман Шекеев. Ал туыстарының талабы жоғарыдай — әділ жаза. Осы іске қатысты Алматы облысының сотына сұрау салдық, қазіргі таңда сот процесі енді басталғандықтан заңға сәйкес ешқандай ақпарат бере алмайтынын айтты.
«Аталған оқиға бойынша қазіргі уақытта сот тергеуі жүріп жатыр. Соттың түпкілікті шешімі шыққанға дейін сот органдары қандай да бір түсініктеме бермейді», – делінген редакцияға берілген жауабында.
Orda.kz. бұл істі өз назарына алады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қызылорда облысында арықтан жас қыздың мәйіті табылды
- Алматыда сегіз жылға жуық тоқтап қалған Сайын көшесінің жалғасы ашылды
- АҚШ соққыларынан кейін Иран Кувейт пен Бахрейнге зымыран ұшырды
- Дүниежүзілік ит көрмесінде қазақтың тазысына қызығушылық артты
- Зеленский Путиннің өзінің ашық хатына берген жауабына қанағаттанбады
- Коллекторлық агенттік бүкіл қазақстандықтардың дерегін заңсыз сақтаған
- Ақтауда мүгедектігі бар 8 жастағы бала терезеден құлап мерт болды
- Дастан Сәтбаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізіп, «Челсиге» ауысады
- «Қамшымен сабап, көсеумен ұрған»: Қарағандыда асыранды 6 баланы қорлаған ерлі-зайыпты сотталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті
- Әл-Фарабидегі қайғылы апат: Күдіктіні құтқармақ болғандардың өзі сотталуы мүмкін
- «Тарлан – Астана»: LRT жүйесінің жаңа атауын мәслихат қолдады
- Қарасай ауданында «Мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке тартты» деген ақпарат расталмады
- Тоқаев бірқатар Конституциялық заңға қол қойды
- Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар 1,3 млрд теңгелік актив «Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды
- Эверест шыңында 6 күн жалғыз қалған альпинист өз бетінше жерге түсті
- 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні
- Путин Ресей жағының Зеленскийдің «құзыреттілігіне» күмән келтіргеніне қарамастан кездесуге дайын
- Жұмыс істеу мерзімі бір ғасыр: Болашақ АЭС еліміздің электр энергиясы сұранысының 20%-ын қамтамасыз етеді
- Cыйақы 36 млн теңгеден асады: Бибісара Асаубаева Norway Chess турнирінде жеңіске жетті