Ұлттық банк 2027 жылдан бастап несие санына шектеу енгізеді
Фото: Orda.kz
Жуырда Қазақстанның Ұлттық банкі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір адамға берілетін несиелер санын шектеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Осы арқылы азаматтардың кредиттік жүктемесіне де шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 40 миллионға жуық несиесі бар екен. Мәселе тұтынушылық мақсатта алынған шамамен 17 триллион теңгеге қатысты. Қазақстандықтар барған сайын «қазір сатып алып, кейін төле» қағидатымен өмір сүре бастаған. Себебі соңғы жылдары тұтынушылық несиелер көлемі шамамен үш есеге өскен. Бөліп төлеу қызметі банктердің тұтынушылық несие портфелінің төрттен біріне жеткен.
Енді реттеуші сервистер мен маркетплейстерге арналған жаңа ереже дайындап жатыр. Бүгінде несиені ұсақ-түйек заттарға да ала бастаған. Бұрын оны көбіне пәтер, көлік немесе ірі жөндеу немесе құрылыс үшін алса, қазір қарызға телефон, шаңсорғыш, киім, әуе билеті, жиһаз, косметика, тұрмыстық техника және тіпті жай ғана «акциядағы заттарды» оңай сатып алуға болады. Сатып алу процесі өте жылдам, кейде адам қызығып, бірнеше тауар ала салып, кейін немесе бөліп төлеймін деп өзін жұбатады.
Бөліп төлеу негізінен артық шығынсыз төлемді ыңғайлы бөлуге көмектессе ғана тиімді құрал. Бірақ оның өзін сауатты қолдану керек. Ұлттық банктің дерегінше, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халықтың банкке қарызы 25,067 триллион теңгеге жеткен. Оның үштен екісінен астамы тұтынушылық несиеге тиесілі.
Мәселен соңғы жылдардағы несиелерга көз жүгіртсек, 2022 жылдың басында – 10,038 триллион теңге болса, 2026 жылдың сәуірінде – 25,067 триллион теңгеге жеткен. Ал тұтынушылық несиелер портфелі 6,132 триллионнан 16,854 триллион теңгеге дейін өскен. Яғни қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі, әсіресе тұтыну мақсатындағы қарыздары айтарлықтай артқан.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше қарыз алу да жылдан жылға артып келеді. Мәселен 2021 жылы өсім – 40,1% (6,1 трлн теңгеге дейін) болса, 2022 жылы – 25,3%, 2023 жылы – 34,2%, 2024 жылы – 33,5%, 2025 жылы – 21%, 2026 жылдың бірінші тоқсанында – 1,2% болған.
Реттеушілер мұны нарықтың «салқындауы» деп атайды. Яғни өсім қарқыны бұрынғыдай жоғары емес. Дегенмен баяулағанына қарамастан, тұтынушылық несие әлі де ауқымды деңгейде қалып отыр.
Осы жағдайды ескерген Ұлттық банк 2027 жылдан бастап қарыз алатындар үшін жаңа лимит енгізуді жоспарлап отыр. Ендігі жерде бір адамның барлық несиелері мен микронесиелерінің жалпы сомасы оның жылдық табысының сегіз есесінен аспауы тиіс.
Ұлттық банк қарыз алушының қарыз бен табыс арақатынасын көрсететін коэффициенттің шекті деңгейін енгізуді көздейтін жоба әзірледі. Бұл көрсеткішті есептеу кезінде адамның өтелмеген барлық несиелері мен микронесиелері ескеріліп, оған алғысы келген жаңа қарыз қосылады да, барлығы жылдық табысқа бөлінеді. Мысалы, егер адамның айлық табысы 300 мың теңге болса, оның жылдық табысы 3,6 млн теңге болады. Ал сегіз жылдық табыс мөлшеріндегі лимит бойынша оның жалпы қарызы 28,8 млн теңгеден аспауы тиіс.
Қарыз жүктемесінің бұл коэффициенті алғаш рет 2024 жылдың тамызында енгізілген, алайда осы уақытқа дейін тек мониторинг режимінде қолданылып келді. Енді Ұлттық банк оны 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті етпек.
Әзірге ипотека, автонесие және тұтынушылық несиелер үшін жеке шектеу енгізу жоспарланып отырған жоқ. Ұлттық банк мұны қазақстандықтардың несие алуда абай бола бастағанымен және бөлшек несиелеу нарығының баяулауымен түсіндіреді.
Қазіргі қолданыстағы қарыз жүктемесінің коэффициентін өзгерту де жоспарланбаған. Оның шекті мәні 0,5 деңгейінде сақталады.
Еске салсақ, елімізде бір ай төлем жасамағандарға жаңа несие беру шектеліп, 2026 жылғы 19 наурыздан бастап тұтынушылық несиелерге қатысты жаңа ережелер күшіне енген болатын. Төлемін кешіктірген азаматтарға несие алу қиындаған. Бұл өзгерістер жыл басында қабылданған «Банктер және банк қызметі туралы» заң аясында енгізілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желідегі қандай пікірлер үшін нақты жаза тағайындалуы мүмкін?
- АҚШ грин-карта алу ережелерін қатаңдатты, өтініш беру үшін шетелдіктер елден шығуы тиіс
- Лионель Месси долларлық миллиардер атанды
- Зеленский: Украина Еуроодақтың «қауымдастырылған мүшесі» болмайды
- Алматыдағы Моттың концертіндегі шу: Бишілер рэпермен сахнаға шықпай қойды
- Әзербайжан туын жерден көтеріп орнына қойған оқушы екі елдің сүйіспеншілігіне бөленді
- Астанада екі пәтерді жалға алып есірткі дайындаған адам ұсталды
- Ұлттық банк 2027 жылдан бастап несие санына шектеу енгізеді
- Алматы полициясы түлектердің ата-аналарына ескерту жасады
- Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтер мен 13 мемлекеттік марапат табысталды
- Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов төрт жылға бас бостандығынан шектетілді
- Ерлан Қошанов президентке Ата заң нормаларын іске асыратын жеті конституциялық заң қабылданғанын баяндады
- Ақтауда пластикалық отадан кейін депутат қайтыс болды
- Бес адам сотталған өлім ісі: Туыстары полиция әрекетіне күмән келтірді
- Жетісу облысында мақсатсыз пайдаланылған мыңдаған гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды
- Қазақстанда амнистия арқылы қандай жазалар кешіріледі?
- Тоқаев: Жапония — Еуропа мен Азияны жалғайтын Орталық Азиядағы басты хаб
- Электромобиль сатылымы әлемнің 100 елінде рекордтық көрсеткішке жетті
- Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубына жеңіс сыйлады