Бес адам сотталған өлім ісі: Туыстары полиция әрекетіне күмән келтірді
Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Алматыдағы Royal Petrol жанармай бекетінде болған жанжалдан кейін бірнеше адам сотталып кетті. Алайда сотталғандардың туыстары мен қорғаушылары сол оқиғада марқұм болған Бауыржан Сортов полиция келген кезде тірі болғанын, кейін бөлімшеде көз жұмғанын айтып, тергеу мен сот барысында маңызды дәлелдер ескерілмеді деп отыр. Orda.kz оқиғаның мән-жайын анықтады.
Рысқұлов даңғылында орналасқан Royal Petrol жанармай құю бекеті қызметкерлері — кәмелетке толмаған 16 жастағы Фархат Акпаров, Михаил Ким, Азиз Әпішев, Ақжан Нұрлықұл және сол күні жанармай құюға келген келушіге қатысты іс Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, олар «адамдар тобымен» жасалған қылмыс бойынша сотталған. Үкім 2026 жылғы 4 мамырда шыққан.
Ал енді бұл шешімнің неліктен дауға айналғанына тоқталайық. Баспасөз мәслихатына жиналған сотталғандардың туыстары үкіммен келіспейтінін айтып, тергеу мен сот барысында көптеген заңбұзушылық болғанын мәлімдеді.
Оқиға 2025 жылдың 2 шілдесінде Рысқұлов даңғылында орналасқан Royal Petrol жанармай құю бекетінде болған. Іс бойынша сотталған 48 жастағы Азиз Әпішевтің інісі Марат Әпішевтің айтуынша, сол күні жанармай бекеті қызметкерлері әдеттегідей жұмыс істеп жүрген кезде Бауыржан Сортов есімді 44 жастағы ер адам келіп, қызметкерлерге тиісіп, жанжал шығарған.
«Олар жұмысын істеп жүрген кезде осы Сортов деген азамат келіп, бәріне тиісіп, ұрыса бастаған. Басында көбі мас адам шығар деп ойлаған. Кейін анықталғандай, ол есірткі қолданған әрі психиатриялық есепте тұрған адам болған. Содан менің ағама да, басқаларына да тиісіп, өзі бірінші болып ұра бастаған соң, олар қорғану мақсатында жауап берген. Жалпы оқиға бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылды. Ол төрт қызметкермен жанжалдасып, тіпті жанармай құюға келген бейтаныс адамның жағасына да жармасқан. Сол кезде ағамның өзі жарақат алып үлгерді. Кейін жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Бәрі полиция келгеннен кейін басталды», — дейді Марат Әпішев.
Ал жанармай бекетінде небәрі үш күн жұмыс істеген 18 жастағы Ақжан Нұрлықұлдың анасы Гүлназ Мұсаеваның айтуынша, полиция келгенге дейін Сортов сол маңдағы дәріханаға барып, ондағы қызметкерлерге де тиісіп үлгерген.
Алайда полиция Сортовты алып кеткеннен кейін көп ұзамай жанармай бекетінің төрт қызметкері мен сол жерде болған келушіні «Сортовтың өліміне қатысы бар» деген күдікпен полиция бөлімшесіне жеткізген.
«Ол кісі полиция келгенге дейін сап-сау жүрген. Біздің қолымыздағы бейнежазбаларда оның тіпті полиция қызметкерлеріне бірінші болып шабуыл жасағаны көрінеді. Сол сәтте полиция оған электрошокерді бір емес, үш рет қолданған. Бір басқанда бірнеше секунд тоқ береді. Егер ол расымен есірткі қолданған болса әрі оған бірнеше мәрте электрошокер қолданылса, ағзасы көтермей қалуы мүмкін ғой. Бірақ тергеу мен сот біздің балаларды кінәлі деп танып, 7–8 жыл аралығында жаза берді», — дейді Гүлназ Мұсаева.
Туыстарының айтуынша, қылмыстық іс Алматы қаласы Алатау ауданында тіркеліп, тергеуді сол ауданның полициясы жүргізген. Бұл жайт қорғаушылар тарапынан күмән туғызған.
Олардың сөзінше, Сортов кейін дәл осы полиция жүйесіне жеткізіліп, сол жерде қайтыс болғандықтан, мұндай жағдайда істің сол құрылым ішінде тергелуі объективтілікке күмән келтіреді.
16 жастағы сотталған Фархат Акпаровтың әкесі Махмуд Акпаров та ұлының жазықсыз сотталғанын айтады.
«Бірінші болып тиіскен Сортов екені бейнебақылаудан анық көрінеді. Егер ол біздің балалар соққысынан өлсе, неге полиция келгенде жүгіріп, қарсылық көрсетіп, полицияға шабуыл жасайды? Қайтыс болған адам полиция бөлімшесінде көз жұмған. Бірақ сотта полицияның әрекеті толық зерттелмеді. Полицейлердің бейнежетон жазбалары да қаралмады, біздің өтінішіміз ескерусіз қалды», — дейді ол.
Қорғау тарабы полиция қызметкерлері марқұмға электрошокер қолданғанын, оның оқиғадан кейін тірі болғанын және кейін полиция бөлімшесінде қайтыс болғанын алға тартады. Сондай-ақ, олар өлімнің нақты себебі толық анықталмағанын, полиция қызметкерлерінің жауаптарында қайшылықтар барын және маңызды бейнежазбалар сотта толық зерттелмегенін айтады.
Апелляциялық шағымда қорғаушылар сотталғандардың әрекеті қажетті қорғаныс аясында болғанын, ал кейбірінің өздері де ауыр жарақат алғанын көрсеткен.
Қазір іс бойынша төрт ересек адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып, кәмелетке толмаған жасөспірім де сотталған. Туыстары апелляциялық шағым түсіргенін айтып, істі қайта тергеуге жіберуді, сот-медициналық сараптамаларды қайта қарап, оқиғаға қатысы бар барлық адамның әрекетін жеке бағалауды талап етіп отыр.
Осы іске қатысты Orda.kz Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сауал жолдады, материал шыққанда жауап әлі келмеді.
Оқи отырыңыз:
«5 минутта қарсылық жаз»: Заңгер Шекеев пен судья сотта дауласты
Құрбан айт намазының уақыты жарияланды
«Ақтөбе» ФК матчына барған әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Тағдыршешті сәтте әр адамның дауысы маңызды
- Қазақстанда медицина саласы цифрландырылып жатыр: Негізгі нәтиже қандай?
- Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?
- Астанада 350 үлескер 5 жыл күткен баспанасына прокуратураның араласуымен ғана қол жеткізді
- Қыркүйекте Қазақстанда не өзгереді?: Қазақстандықтарды күтіп тұрған 7 жаңалық
- Kanye West концерті Алматыға 5 млрд теңге пайда әкелді
- Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады
- Қазақстандықтар Кореяға EPS арқылы қалай жұмысқа орналаса алады? Министірлік талаптарды түсіндірді
- Нақты жобалар 2030-2040 жылдарға қалады: Алматының Бас жоспары қашан бекітіледі?
- Бүгін Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталады: Ертең — «тыныштық күні»
- Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы болады
- Қарағандыда полиция TikTok-та «қыз болып» қылымсыған еркекті ұстады
- Ақтастағы психиатриялық ауруханада тексеру жүргізіліп заңбұзушылықтар анықталды
- «Құрылтай» есімі сәнге айнала ма? Әзірге 10 адам бар
- Алматыда күйеу баласы енесін зорлады деген күдікке ілікті
- Автобуста төбелесіп, пышақ шығарған
- 290 миллион теңге салық: Қылмыскер Ресей Федерациясынан экстрадицияланды
- «Қалың мал бергенбіз»: Меркідегі 19 жастағы Мадинаның дүниесін қайын жұрты неге бермеді?
- Алматы мен Гонконг арасында жаңа тікелей әуе рейсі ашылады
- «Резеңке пәтерлердің» кесірі: Алматыда пәтерге тіркелетін тұрғындар санына шектеу қойылады