Лионель Месси долларлық миллиардер атанды
Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің байлығы 1 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Orda.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Маусым айында 39 жасқа толатын Аргентина құрамасының шабуылшысы 2007 жылдан бері тек жалақы мен бонустардың өзінен 700 миллион доллардан астам табыс тапқан. Миллиардер мәртебесіне ол коммерциялық келісімдер, демеушілік шарттар және инвестициялар арқылы қол жеткізді.
Осылайша, Месси футбол тарихында Криштиану Роналдудан кейін миллиардер атанған екінші ойыншы болды.
Клубтық деңгейде аргентиналық футболшы 2023 жылдан бері америкалық «Интер Майами» клубының намысын қорғап келеді. Оның негізгі жалақысы жылына 25 миллион доллар, ал жалпы кепілдендірілген табысы шамамен жылына 28,3 миллион доллар. Сонымен қатар келісімшартта клубтағы үлеске ие болу және Apple мен Adidas-пен серіктестік табысына қатысу қарастырылған.
Мессидің жылдық табысы шамамен 130 миллион доллар деп бағаланады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық