Алматыдағы Моттың концертіндегі шу: Бишілер рэпермен сахнаға шықпай қойды
Фото: altyn-orda.kz
21 мамырда Алматыда өткен ресейлік әнші Моттың концертінде жанжал шықты. Қазақстандық бишілер осы концертте өнер көрсетуге келіскенімен, соңғы сәтте сахнаға шығудан бас тартқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Белгілі хореограф Анель Қалиева мен өзге де бишілердің айтуынша, бұл шудың шығуына ұйымдастырушылардың дөрекілігі мен менсінбеушілігі себеп болған. Сонымен қатар өнерпаздар әртістің көмекшілер мен менеджерлері тарапынан қатты қысым көріп, дөрекі сөз естігендерін айтады.⠀
«Біздің команда Моттың концертінде билеу керек болған. Бірақ, біздің адамдарға сыйластық танытпайтынын байқап, билемейміз деп шештік» деп жазды Анель Қалиева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол кез келген елге жұмыс істеуге келген адам сол жердегі адамдарға құрметпен қарауы керек деп есептейтінін айтады. Сонымен қатар биші бар мәселе ресейлік әншінің өзінде емес, оның командасында болуы мүмкін деп ойлайды. Ал, әншінің хореграфы жағдайды түсінудің орнына, мұндай мүмкіндік «іліуде-біреу болатынын» айтып, билеуді сұраған.
⠀
Алайда даудың нақты неден шыққаны ашып айтылмағандықтан, желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Оқырмандардың бір тобы мән-жайды толық түсіндіруді талап етсе, екінші тарап бишілердің талабын қолдап отыр.
Әзірге Моттың өзі де, концертті ұйымдастырушылар да бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық