Алматы полициясы түлектердің ата-аналарына ескерту жасады
Фото: aiqara.kz
Мектеп бітіру кеші өтетін күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Олар көшелерді, саябақтарды, демалыс аймақтарына шығатын жолдарды және тас жолдарды патрульдейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті соңғы қоңырау қарсаңында түлектердің ата-аналары мен мұғалімдеріне үндеу жасап, көлік кілтін бермеуді, кортеждерден бас тартуды сұрады.
«Салтанатты жиыннан кейін балалар көбіне еркіндікке бой алдырады. Тау бөктеріндегі жалға алынған коттедждер, дәмханалардағы отырыстар, жасырын ішімдік ішу, ең қауіптісі — автокортеждер кезеңі басталады. Сіздер жолдардың жағдайын, таулы аймақтар мен қала сыртындағы трассаларды жақсы білесіздер. Кеше ғана мектеп бітірген жасөспірім әлеуметтік желіге әдемі видео түсіремін деп жүйткіген көліктің төбесіне шығып тұрса, бұл мереке емес, бір сәтте қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін үлкен қауіп», — деді Алматы қалалық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғаев.
Ол ата-аналар мен мұғалімдерден мектеп бітіретін түлектерді қадағалауды сұрады.
«Кәмелетке толмаған балаларды қалада да, демалыс аймақтарында да жалға алынған үйлерде қараусыз қалдырмаңыздар. Кортежбен жүруге рұқсат бермеңіздер. Ата-аналар, көлік жалдамаңыздар және өз көліктеріңіздің кілтін бермеңіздер. Мұғалімдер, егер түлектердің жарыс ұйымдастыру жоспары туралы білсеңіздер дереу ата-аналарға хабарлаңыздар. Балаларға мұндай «сән-салтанаттың» қандай қауіп төндіретінін бірге түсіндіріңіздер. Үнемі байланыста болыңыздар. Ата-аналар баласының қайда екенін, кіммен жүргенін, қандай жағдайда екенін минут сайын біліп отыруы тиіс»,— деді Ноғаев.
Полиция өкілдері балалардың мерекесін бұзуды немесе қуаныштарына тыйым салуды мақсат етпейтінін атап өтті.
«Біз тек бітіру кешінен кейін келесі күні әрбір бала аман-есен отбасына оралғанын қалаймыз», — деп қосты Ноғаев.
Осы орайда мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те кей жағдайларда мектеп мерекелері шамадан тыс шығынды шараларға айналып, көптеген мерекелер әлдеқашан «даңғойлық жәрмеңкесіне» айналғанын айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық