Ақтауда пластикалық отадан кейін депутат қайтыс болды
Фото: Марқұмның туыстарының мұрағаты
Ақтауда пластикалық операциядан кейін депутат қайтыс болды. 49 жастағы Ербол Айтуов иек тұсына липосакция жасату үшін «Қасиет» клиникасына барған. 4 сәуір күні наркоз енгізу кезінде науқастың жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмның жұбайының айтуынша, дұрыс жасалмаған интубация салдарынан ер адамның қан қысымы мен қандағы қант деңгейі күрт көтеріліп, ишемиялық инсульт алып, комаға түскен. Бір айдан кейін ол көз жұмды. Туыстары медициналық мекеме көмекті дер кезінде көрсетпегенін және науқастың нақты жағдайын жасырғанын мәлімдейді.
Денсаулық сақтау министрлігінің жоспардан тыс тексерісі барысында клиникада бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, операциялық блок толық жабдықталмаған, кейбір құрылғылардың пайдалану мерзімі өтіп кеткен, ал анафилактикалық шокқа қарсы дәрілер болмаған.
Сонымен қатар, медициналық мекемеде ересектерге арналған анестезиология және реанимация қызметіне лицензия болмаған. Сондай-ақ науқастың қарсы көрсетілімдері мен толық талдаулар пакеті болмағанына қарамастан операцияға жіберілгені анықталды.
Тексеру материалдары прокуратураға жолданды.
Айтуов Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болған, сондай-ақ 2023 жылдан бері Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының өңдеуші өнеркәсіп және базалық салалар комитетін басқарған.
Еске салайық, 15 мамыр күні Алматыдағы пластикалық хирургия клиникасында 53 жастағы блогер Сәуле Базархан да көз жұмған. Ол да липосакция жасатуды жоспарлаған еді.
Алматыда блогер қаза тапқан пластикалық хирургия клиникасын денсаулық сақтау министрлігі тексере бастады. 53 жастағы Сәуле Базархан липосакция жасатуға өз аяғымен барып, орталықтан мәйіті шыққан.
Марқұм Сәуле Базархан оқиға болар күні жұмысынан сұранып барған. Орталыққа онымен бірге бір туысы еріп барған. Бірақ бір жарым сағатқа жоспарланған ота ұзаққа созылып, біраз уақыттан соң дәрігерлер ары-бері жүгіріп әбігерге түсе бастаған. Сол жерде тұрған туысына ештеңе айтпаған.Тек арада үш сағат өткенде клиникадағылар жедел жәрдем шақыртады. Қаралы хабарды туыстары жедел жәрдем қызметкерлерінен естиді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық