Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды
Фото: newsgeorgia.ge
Қазақстан мен Грузия ІІМ келіссөздерінен кейін Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов бейсенбі күні Тбилисиге жұмыс сапарымен барып, грузиялық әріптесі Сулхан Тамазашвилимен, сондай-ақ елдің премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөздер жүргізді.
Тараптар қылмыскерлерді іздестіру, ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес, заңсыз көші-қон, есірткі трафигі және кибералаяқтық схемаларына қарсы іс-қимыл сияқты нақты мәселелерді талқылады.
Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктерінің Тбилисидегі келіссөздерінен кейін синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды.
Қазақстан мен Грузияның ішкі істер органдары халықаралық іздестіру және трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бағытындағы практикалық ынтымақтастықты күшейтуді жалғастыруда.
Еске салсақ, ақпанда Астанада Қазақстан мен Грузия ІІМ басшыларының кездесуі өтіп, тараптар ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және халықаралық іздеудегі қылмыскерлерге қарсы күрестегі үйлестіруді күшейтуге келіскен болатын.
Жуырда Қазақстан ІІМ басшысы Ержан Сәденов жұмыс сапарымен Тбилисиге барып, Грузия ІІМ министрі Сулхан Тамазашвилимен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің қабылдауында болды.
Ынтымақтастықтың жандануы аясында бірлескен жұмыстың нақты нәтижелері де бар.
Атап айтқанда, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан құқық қорғау органдары іздеген 15 адам ұсталды. Олардың қатарында синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты да бар. Қазақстан ІІМ сұрауы бойынша Тбилисиде мефедрон өндіруді ұйымдастырды деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды.
Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысында арнайы жабдықталған есірткі зертханасында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған.
Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген оның жұбайы да қолға түсті. Тергеу барысында оның Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қылмыстық әрекеттердің қаржылық сүйемелдеуіне жауап бергені анықталды. Қазіргі уақытта ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Екі елдің күштік құрылымдары арасындағы жедел ақпарат алмасуға ерекше назар аударылды. Грузия үшін бұл, ең алдымен, елдің көші-қон ағындары мен Еуропа мен Орталық Азия арасындағы халықаралық тасымалдардағы транзиттік маңызының артуына байланысты маңызды.
Сонымен қатар полицей кадрларды даярлау және арнайы бөлімшелерді жаттықтыру мәселелері қозғалды. Қазақстан ІІМ арнайы жасақ пен полиция бөлімдерін даярлау тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.
Сапар қорытындысы бойынша Ержан Сәденов грузиялық әріптестеріне — трансұлттық қылмыстық топтарға қарсы күрестегі үлесі мен жоғары нәтижелері үшін Қазақстан ІІМ-нің медальдары мен құрмет грамоталарын табыстады. Марапатталғандардың қатарында Грузия ІІМ бірінші орынбасары Рони Месхи, халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Софио Имерлишвили және криминалдық полицияның орталық департаментінің басшысы Давид Кикнадзе бар.
Оқи отырыңыз:
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Тоқаев Грузияның ішкі істер министрін қабылдады
- Шығын — 4 миллиард теңге: Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған «басшы» Грузиядан экстрадицияланды
Жаңалықтар
- ӘЧ-2026: Роналду мансабындағы соңғы әлем чемпионатынан кейін мәлімдеме жасады
- Жетісуда ер адам кәмелетке толмаған қыздың жалаңаш бейнесін заңсыз таратып, ұсталды
- Қырғызстанда ҰҚК-ні тазарту жалғасуда: Арнайы қызметтің бұрынғы орынбасары ұсталды
- Конституциялық Сот: Тоқаев сайлауға түсуге құқылы
- ӘЧ-2026: Роналду Испаниядан жеңілгеннен кейін еңкілдеп тұрып жылады
- ҰҚК мен полиция екі қалада арнайы операция жүргізіп, бопсалаумен айналысқан он адамды ұстады
- Иракта экс-шенеуніктің үйінен су бөтелкелеріне жасырылған 20 миллион доллар табылды
- Мемлекеттік Туды енді киімге жапсыруға тыйым салынады
- Ошта саудагерлер құлпынай сатқызбаған фермерге базардан сауда орны берілді
- Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасындағы атыс: 27 күштік құрылым қызметкері ұсталды
- ХАМАС 20 жылдық биліктен бас тартуға дайын: Бұл не білдіреді?
- ХАМАС Газадағы өз үкіметін таратып, билікті бергенін жариялады
- Билік Бішкек тұрғындарынан ШЫҰ саммиті кезінде «Ыстықкөлде демала тұруды» сұрады
- Алматының 34 жастағы тұрғыны өгей әкесін пышақтап тастады
- БҰҰ-ның жасанды интеллект жөніндегі алғашқы саммитінде еліміздің жетістіктері таныстырылды
- «Ауыл» партиясы Құрылтай сайлауына 69 кандидат ұсынады
- Аустралия премьері Кайли Миноугпен «төсектес болу» туралы қалжыңдаймын деп, басы дауға қалды
- Үш күнде 2400-ден астам жасөспірім полицияға жеткізілді: Себебі не?
- Ауладағы автотұрақты «иемденіп» алуға тыйым салынды
- ӘЧ-2026: Биылғы чемпионаттағы он қызықты дерек