АҚШ грин-карта алу ережелерін қатаңдатты, өтініш беру үшін шетелдіктер елден шығуы тиіс
Фото: Pexels
АҚШ-тың Азаматтық және иммиграциялық қызметі (USCIS) 22 мамыр, жұма күні иммигранттарға арналған виза мен грин-карта алу ережелеріне өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді өтінішті АҚШ аумағында тапсыруға болмайды, ол үшін шетелдіктер өз азаматтығы бар елге оралып, сол жерде америкалық консулдыққа жүгінуі тиіс.
Алайда бұл талап «ерекше жағдайларда» қолданылмауы мүмкін екенін USCIS өкілі Зак Калер атап өтті.
АҚШ Азаматтық және иммиграциялық қызметінің баспасөз хабарламасында әрбір өтініш бойынша барлық мән-жай мен деректер жеке қарастырылып, өтініш берушіге мұндай ерекше жеңілдік беруге негіз бар-жоғы анықталатыны айтылған.
«Біз шетел азаматтарының елдің иммиграциялық рәсімдерінен дұрыс өтуін қамтамасыз ету үшін заңның бастапқы мәніне қайта оралып отырмыз. Енді АҚШ-та уақытша жүрген шетелдік азамат грин-карта алғысы келсе, ерекше жағдайларды қоспағанда, өз еліне оралып, өтінішті сол жақтан беруі тиіс. Бұл саясат иммиграциялық жүйенің заңға сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді және олқылықтар жойылады. Шетелдіктер өтінішті өз елінен бергенде, тұрақты тұру мәртебесінен бас тартылса да АҚШ-та заңсыз қалып қоятындарды іздеу және депортациялау қажеттілігі де азаяды», – деді Зак Калер.
USCIS өкілдері студенттер, уақытша жұмысшылар немесе туристік визамен келген адамдар АҚШ-қа белгілі бір мерзімге және нақты мақсатпен келетінін, сондықтан олардың иммиграциялық мәртебесі жоқ екенін еске салды.
«Біздің жүйе олардың сапары аяқталған соң елден кетуін көздейді. Олардың елде болуы грин-карта алу үдерісінің алғашқы кезеңіне айналмауы тиіс. Заңды сақтау мұндай істердің басым бөлігін АҚШ мемлекеттік департаменті арқылы шетелдегі америкалық консулдықтарда қарауға мүмкіндік береді және USCIS-тің шектеулі ресурстарын басқа санаттағы істерге, соның ішінде зорлық-зомбылық пен адам саудасы құрбандарына арналған визаларға, азаматтық алу өтініштеріне және басқа да басым бағыттарға жұмылдыруға жағдай жасайды» деп жазылған хабарламада.
USCIS сондай-ақ бұл иммиграциялық заң бұрыннан бар екенін, бірақ оның талаптары ұзақ жылдар бойы сақталмағанын, ал енді оны орындау жүйені «әділ әрі тиімді» етуге көмектесетінін атап өтті.
Грин-картаға өтініш беру онсыз да күрделі процесс саналады және бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Жаңа ереже АҚШ-тағы жүздеген мың иммигрантты өтініштері қаралғанша жұмысын, отбасын уақытша тастап кетуге мәжбүр етуі ықтимал.
Ереженің қатаңдатылуы іс жүзінде ел ішінде грин-карта алудың үйреншікті жолын миллиондаған иммигрант үшін жабады. Бұл студенттерге (F-1 визасы), білікті мамандарға (H-1B), туристерге (B-1/B-2), сондай-ақ АҚШ азаматтары мен грин-карта иелерінің отбасы мүшелеріне қатысты.
Бұған дейін Дональд Трамп Браун университетіндегі атыстан кейін грин-карта беруді уақытша тоқтату туралы тапсырма бергені хабарланған болатын. Мұндай шаралар АҚШ-қа террористердің ену қаупін болдырмау мақсатында қабылданған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық