Зеленский: Украина Еуроодақтың «қауымдастырылған мүшесі» болмайды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Германия канцлерінің Украинаға Еуроодақтың «қауымдастырылған мүшесі» мәртебесін беру туралы ұсынысы Еуропада көп талқыланды. Бірақ бұл бастама Украина президенті Зеленскийге ұнамай, ол оған қарсы шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Berliner Morgenpost газетінің тілшісі Торстен Кнуфтың айтуынша, ЕО ішінде жаңа мүшелерді жедел қабылдауға ниет аз. Азаматтарды «мұндай жағдайда Еуроодақ әлі де тиімді жұмыс істей ала ма және оның шығынын кім өтейді» деген сұрақ алаңдатады. Оның айтуынша, Фридрих Мерц «Еуропаның ықпалын кеңейтуді» көздейтін «қатаң геосаяси бағыт» ұстанып отыр.
Neue Osnabrücker Zeitung (NOZ) газетінің журналисі Томас Людвиг бұл бастаманы «ниеті жақсы, бірақ ЕО үшін салдарын болжап болмайды» деп бағалайды.
«Киевтің қазіргі «күрделі жағдайына» байланысты Украинаға дәл қазір толыққанды мүшелік беру «жауапсыз қадам» болар еді. «Канцлер ұсынып отырған ерекше мәртебе – түбінде толық мүшелікке әкелетін процесс ретінде – қате жол» деп қорытындылайды NOZ тілшісі.
TAZ газетінің журналисі Эрик Бонзе бұдан да қатаң пікір білдіреді.
«Украинаға «қауымдастырылған мүше» мәртебесін беру ұсынысы «артық қана емес, қауіпті» де. Осы уақытқа дейін ЕО (Киевке) көмек көрсетуге міндетті болған жоқ. Ал енді Мерц Украинаға еуропалық қауіпсіздік кепілдіктерін беріп, ЕО туралы шарттағы өзара көмек туралы ережені іске қосуды көздеп отыр. Мұндай жағдайда Ресеймен соғыста шиеленіс күшейсе, ЕО елдері Киевке көмектесуге міндетті болады. Бұл нені білдіретінін ешкім нақты білмейді», – деп ескертті Бонзе.
Украина президенті Владимир Зеленкий болса Мерц ұсынған ЕО-дағы «қауымдастырылған мүше» мәртебесіне қарсы шықты.
Осындай мазмұндағы хатты Украина президенті 22 мамырда Еуроодақ басшылығына жолдап та қойды.
«Егер Украина Еуроодақта болып, бірақ дауыс беру құқығына ие болмаса, бұл әділетсіз болар еді. Украина мүшелігі мәселесін толық әрі мазмұнды қарайтын уақыт келді» деп жазылған хатта.
Владимир Зеленский Еуропа көшбасшыларына Украинаға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, Венгрияда Виктор Орбанның биліктен кетуі ЕО-ға мүшелік жөніндегі келіссөздерде ілгерілеуге мүмкіндік ашқанын атап өтті.
«Біз Еуропаны толықтай қорғаймыз – жартылай емес, уақытша шара қажет емес. Украина Еуропадағы әділ көзқарас пен тең құқыққа лайық» деп жазды Украина басшысы.
Жақында Владимир Зеленский Ресей Украинаның солтүстігі арқылы соғысты кеңейтудің бес сценарийін қарастырып отырғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық