Смайылов ЖЭО-лардағы жағдайды жедел хабарлауды талап етті

cover

Премьер-министр Әлихан Смайылов жалған ақпарат таратпау үшін жылу электр орталығындағы жағдайды жедел хабарлауды талап етті.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Нақты жағдай мен жөндеу және жоспарланған жұмыстар барысы туралы халыққа уақтылы, объективті және түсінікті ақпарат беру маңызды. Онсыз да қауесет пен жалған ақпарат тарады»,- деді Смайылов үкімет отырысында.

Министрлер кабинеті отырысында күн тәртібінен тыс жылу электр станциялары мен жылу желілеріндегі төтенше жағдайлар салдарын жою және алдын алу мәселелері қаралды.

«Болған оқиғалар технологиялық бұзушылықтар ретінде сипатталады. Зардап шеккен аумақтарды қажетті мерзімде қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылданды»,- деді премьер-министр.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда әкімдіктер тез арада әрекет етіп, шара қолдануы керектігін баса айтты.

Смайылов ҚТЖ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компанияларынан бірінші кезекте жылу станциялары мен қазандықтарға отынның уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етті.

Еске салайық, күн күрт суыған кезде Қазақстанның жеті қаласында бірден – Степногорск, Екібастұз, Ақтау, Балқаш, сондай-ақ Теміртау, Риддер, Жаңаөзен және Көкшетау қалаларында жылу беру жүйелерінде апаттар орын алған болатын. Атырау да сусыз қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар