Шымкентте өрттен аман қалған отбасы үйлі болды
Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайында жалдамалы үйінен өрт шығып, алты баласымен аман қалған 35 жастағы жалғызбасты ана Нәзира Дүйсебаева жұрт жинап берген ақшаға үй алғанын хабарлады.
Нәзираның сөзінше, бір аптаның ішінде 21 млн 100 мың теңге жиналған. 19 млн 500 мың теңгеге осы саяжайдан алты бөлмелі үй сатып алған. Қазір құжаттарын рәсімдеп жүр.
- Кеше үйді таптық. Үй аялдамаға жақын. Жаңа үй. Бір жерден от жағамыз, барлық үй жылиды. Үйдің ішінде жуынатын, ас ішетін бөлме бар. Қыздарыма, ұлдарыма бөлек-бөлек бөлме болатын болды. Қонақ күтетін бөлме де бар. Қазір үй иелері жиналып, көшіп жатыр. Жақын күндері көшіп барамыз. Барлық жанашыр адамдарға көп-көп рақмет! - деді қуанышымен бөліскен Нәзира.
Нәзира балаларымен бірге бір аптадан бері көршісінің үйін паналап отыр. Айтуынша, балаларының жайы қалыпты, қорқынышы басылған.

12 қаңтар күні таңертең Дүйсебаева алты баласымен бірге өмір сүріп жатқан жалдамалы үй пешінің мұржасына жақын орналасқан шатырдан өрт шыққан. Үлкен ұлы оянып кетіп, үйден бәрі аман шыққан.
Нәзираның қиын жағдайға тап болғанын көршісі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялағаннан соң жұрт бұл отбасына жылу жинай бастаған.
Нәзираның тұңғышы – 13 жасар, кенжесі 2 жаста. 5 жасар қызы — мүгедек. Күйеуі ішімдікке салынып, ажырасқан. Өзі жетім өскен.
Жаңалықтар
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру