«Шерзаттың өліміне 100, Нұрғанаттың өліміне 40 күн»: Перизат Нұрымова ақша жинауды сұрады
Коллаж: Orda.kz
Нұрғанат Ғайыпбаевтың қайтыс болғанына 40 күн, ал көкесі Шерзат Болаттың қаза тапқанына 100 күн толар алдында Қаржаубайдың қарындасы Перизат қаражат жинауды сұрайтынын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ресми парақшада айтылды. Отбасының адвокаттары мен Айтбек Нүкенов бұл ақша жинау адвокаттарының да, Қаржаубайдың да бастамасы емес екенін ескертті. Оның сөзінше Перизат өз бетінше осындай шешімге келген.
Естеріңізге сала кетейік, Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Orda.kz бұған дейін отбасының адвокаты полиция сөздерін жоққа шығарып, туыстары да, өкілдері де Қаржаубайды ұстауды сұрамағанын мәлімдеген болатын.
Еске сала кетсек, 10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді талап етіп, тіпті өз-өзін пышақпен жарақаттап тастады.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Ал президент 3 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев осы оқиғаға қатысты «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында сөз қозғады.
Жаңалықтар
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді