Шерзаттың ісі: 7 жылға сотталған Дидардың ата-анасы сот үкімімен келіспейді
Фото: Orda.kz
Елдегі ең атышулы істердің бірі бір ай бұрын аяқталғанымен, қоғамдағы пікірталас әлі басылар емес. 2024 жылы 4 қазанда Талғарда кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің қаза табуына қатысты сотталған Дидар Қалиахметтің ата-анасы ұлдарының жазықсыз екендігін айтып, әділдік талап етіп жатыр.
5 шілде күні олар арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, сот шешімімен неге келіспейтіндерін түсіндірді.
Orda.kz тілшісі мән-жайды анықтап қайтты.
«Ұлым дүкенге сыра алуға ғана барған»
Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Ұзаққа созылған сот ісі 5 маусым аяқталып, судья Ержан Жанұзақов үкім оқыды:
- Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және оқталу) бойынша – 23 жыл;
- Равиль Сакиев – 99-баптың 2-бөлігі, 293-баптың 3-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;
- Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі – 9 жыл;
- Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;
- Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі оқылған соң, наразы болған сотталушылар сот залының есігін теуіп, терезесін ұрды. Жақындары айқай шығарды. Олар Қаржаубайды жазалауды талап етті. Ата-аналарының бірі Қаржаубайдың мылтық ұстап үйіне келгенін алға тартты.
Дидар Қалиахмет 16 мамырда өткен сотта дайын емес екенін айтқан еді. Ол 21 мамырда ғана Шерзат Полат сотында соңғы болып жауап берді. Ол жауаптарының басым бөлігінде «байқаған жоқпын» деп жауап берген еді. Жауап беріп жатып, «өтіріктің детекторын», яғни (жалған сөзді анықтау құрылғысын) жалдауды сұраған еді.
5 шілде күні олар арнайы баспасөз мәслихатында қорғаушылардың Дидардың бұл жанжалға мүлде қатыспағанын мәлімдеді. Ол моншадан кейін бөлелерімен бірге «Қамажай» дүкеніне сыра алуға барған. Сол жерде бір топ ер адам тұрғанымен, Дидар жанжалға араласпаған. Анасы да бұл сөзді қоштады.
«Ұлым ешкімге қол көтермеді, ешкіммен сөз байласқан жоқ. Ол тіпті оқиға орнында төбелес болып жатқан сәтте дүкен ішінде болған», — деді Дидардың анасы Әсел Дүйсенбаева.
Сондай-ақ, қорғаушылардың айтуынша, барлық куәгерлер мен жәбірленуші тараптың өзі Дидардың төбелеске қатыспағанын айтқан. Жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов сот барысында Қалиахметтің дүкеннің алдында тұрғанын көргенімен, жанжалға қатысқанына сенімді еместігін жеткізген.
Адвокат Гаухар Баймұқанованың айтуынша, бейнежазбада Дидар дүкен алдында 2,5 минут қана болған. Ол көліктен шығып, жағдайды түсінбек болып, ағаштың түбінде тұрған.
Қорғаушылардың айтуынша, Дидар сол түні оқиға болғаннан кейін ешкімнен тығылмаған. Ол өзі полицияға барып, бәрін айтып берген. Құқық қорғау органдары оны алғашқы жауаптан кейін босатқан, бірақ кейінірек қайта шақырып, тұтқындаған.
«Егер ол шынымен кінәлі болса, неге оқиға орнында ұстамады? Ол өзі барды, шындықты айтты. Бірақ соған қарамастан, оны халықтың наразылығын басу үшін кінәлі етіп шығарды», — деді әкесі Еркін Есімбеков.
Қалиахметтің қорғаушылары сот үкімі нақты дәлелдерге емес, қоғамдық қысымға сүйене отырып шығарылды деп есептейді. Олардың айтуынша, тергеу барысында Дидардың кінәсін дәлелдейтін нақты айғақ болмаған.
«Дидар — Талғардың баласы. Ол сол жерде өскен, көп кісіні таниды. Бірақ бұл біреумен сөз байланысты дегенді білдірмейді. Ол жай ғана сәлемдескені үшін айыпталды», — деді адвокат Баймұқанова.
Айта кетейік, бұл оқиға қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, қызу талқыға түсті. Оқиға былтыр Талғарда 4 қазан күні болды. Бір топ адам, соның ішінде осы сотталушылар бар дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық