«Детектор жалдайық»: Судья Шекеевке ескерту жасады
Фото: Orda.kz
Талдықорғандағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот түстен кейін қайта жалғасты. Сотта соңғы күдікті Дидар Қалиахмет жауап беруді жалғастырды. Дегенмен ол жауаптарының басым бөлігінде «байқаған жоқпын» деп жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокурор Ержан Құрақбаев Дидар Қалиахметтен көлікте кетіп бара жатып, қайтадан түсіп дүкеннің алдына баруға не себеп болғанын сұрады. Оның айтуынша, мылтықтың даусы естілген соң барған. Бірақ, қорыққаннан кетіп қалғанын жеткізді. Сонымен қатар, Қалиахмет жауаптарында «байқаған жоқпын» деген сөзді көп пайдаланған соң, жәбірленуші тараптың адвокаты: «Сонда сіз жалпы не байқадыңыз» деген еді. Қалиахмет:
«Құрметті сот, қазір дамыған заман ғой детектор лжи, яғни (жалған сөзді анықтау құрылғысын) жалдайық, отырайын, ұрдым ба, соқтым ба анықтасын», – деп айтты Қалиахмет.
Оған судья керек емес екенін жеткізді.
Сонымен қатар, сотталушы тараптың қорғаушысы Мәулен Ержанов жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеевтің ТикТок парақшасында ақынның көзімен атты сотқа қатысты өлең оқып және оны әлеуметтік желіде жариялағаны іске кедергі келтіретінін жеткізді. Сонымен қатар, бейнероликті зерттеуге алып судьядан Шекеевке шара қолдануды сұрады. Алайда, судья ол бейнероликті тергеудің қажеті жоқ екенін айтып, Шекеевке ауызша ескерту жасады.
Ары қарай судья іс құжаттарын зерттеуге көшті.
Бүгін басты күдікті – Абзал Шынасыл жауап берді. Ол өз жауабында Шерзатқа пышақ сұққанын мойындамайтынын айтты.
Еске сала кетсек, соңғы сот отырыстарында тоғыз сотталушының алтауы жауап берді. Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтар, кәмелетке толмаған Ысқақ Думан, Нұрқияс Ілиясов, Шыңғыс Белғожаев және Равиль Сәкиев. Ал Дидар Қалиахмет әзірге жауап беруге дайын емес екенін айтты. Оған дейін Дархан Әскентай бірінші болып жауап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда былтырғы 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. 9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Шерзат Полаттың отбасының үйі өртенді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық