Шерзаттың соты: күдікті Дидар Қалиахмет Чика туралы не айтты?
Фото: Видеодан кадр
Шерзат Полат сотында бүгін соңғы күдікті Дидар Қалиахмет жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, күдіктілердің көбі бұрындары ғана араласқан, оқиға болғанға дейін әрі сол күні де олардың ешқайсысымен байланыста болмағанын айтты. Оған қоса төбелеске араласпағанын, ешкімді ұрмағанын жеткізді.
«Мен бөлем Санат Абдықадырмен моншаға бардым. Шыққан соң бөлем Дәулетті шақырып бізді алып кетсін дедік. Ол келді, моншадан шыға салысымен дүкенге бардық, кіреберісте Санатты Ғайыпбаев сөзге тартып: «төбелесуге келдіңдер ме?» дегендей сұрақ қойды. Санат сөйлесіп болған соң, біз дүкенге кірдік, керек заттарымызды алып жатқанда сыртта ерегіскен дауыстар шықты. Сол кезде Қаржаубай бізді ештеңе сатпаймын деп шығарып жіберді. Сыртқа шыққан соң артыма қарасам, Қаржаубай пышақ алып келе жатыр екен. Мен сол кезде оның қолын ұстап қалдым, қорғану мақсатында. Содан соң біз ары қарай екі бөлеммен бірге көлікке отырып кеткен кезде, қатты дауыс естілді. Сол дауыстан соң біз тоқтадық, көліктен мен шығып дүкен жаққа қайта бардым. Төбелесіп жатқанын көрдім де, ары қарай бармай қайтадан көлікке отырып кетіп қалдық», – деді Қалиахмет.
Сонымен қатар, Қалиахмет сот басталғанда жауап берген жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың жауабын еске алды. Ол жауапта Нұрымов Дидар Қалиахметтің төбелестегі нақты іс-қимылын айтпағанын, тек сол кезде ашу-ызамен кінәлағанын сотта айтқанын жеткізді.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жыр болған Чикаға қатысты да Дидар Қалиахмет жауап берді. Желіде Чика деп оның бөле ағасы куәгер Санат Әбдықадырды атап, «делайте» деген сөзді сол жігіт айтты деген пікірлерге қатысты, ағасының ешқандай да «делайте» деген сөзді айтпағанын әрі оның Чика емес екенін жеткізді.
Бүгін басты күдікті – Абзал Шынасыл жауап берді. Ол өз жауабында Шерзатқа пышақ сұққанын мойындамайтынын айтты.
Еске сала кетсек, соңғы сот отырыстарында тоғыз сотталушының алтауы жауап берді. Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтар, кәмелетке толмаған Ысқақ Думан, Нұрқияс Ілиясов, Шыңғыс Белғожаев және Равиль Сәкиев. Ал Дидар Қалиахмет әзірге жауап беруге дайын емес екенін айтты. Оған дейін Дархан Әскентай бірінші болып жауап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда былтырғы 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. 9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Шерзат Полаттың отбасының үйі өртенді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық