Шерзаттың ағасы адамдарға емес, ауаға оқ атты – куәгер
Фото: Orda.kz
Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан атышулы сотта жаңа деректер айтылды. Куәгер Талғат Әшірбай сотта Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың адамдарға емес, ауаға оқ атқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Талдықорғанда атышулы іс — 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сотта бір куәгер Нұрғанат Ғайыпбаевтың ауаға оқ атқанын айтты.
«Мылтықты көрдім. Бірақ ол адамдарға емес, жоғары қарай атты», – деді куәгер.
Ресми ақпаратқа сәйкес, атыс кезінде ешкім зардап шекпеген.
Сотта Талғат Әшірбай оқиға күні Абзал Шынасылды «Қамажай» дүкеніне апарғанын айтты. Дүкеннің алдында жанжал болып жатқанын көрген. Абзал көліктен түсіп кеткеннен кейін, кенеттен мылтықтың дауысы естіледі. Қауіптеніп, Әшірбай оқиға орнынан кетіп қалғанын жеткізді.
Алайда шамамен 10 минуттан кейін қайта оралғанда, жерде қансырап жатқан баланы, оның жанында зар жылап отырған анасын көрген.
«Мен Ғайыпбаевтың «Nexia Ravon» көлігінен мылтық алып шыққанын өз көзіммен көрдім. Беттестіру кезінде бұл сөзімді растадым», – деді Талғат Әшірбай.
Үзіліс кезінде тілшілеріміз адвокаттардан хуторлықтар жайлы және Чика деген лақап аты бар азамат жайлы сұраған еді. «Делайте» деп бұйрық берген Чика есімді адам қазір сотта куәгер.
Бұған дейінгі сот отырысында басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берген еді. Ол «хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген еді. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтты.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып, жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын байқағанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық