Шерзаттың өлімі: Бұйрық берген «Чика» деген кім және «хуторлықтар» жайлы адвокаттар не дейді?
Фото: Orda.kz
Бүгінгі сот отырысында Шерзаттың ағасы, марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың тергеу кезіндегі жауабы оқылды. Оның сол кездегі сөзіне қарасақ, қылмыс жасалған түні бір «Чика» деген лақап аты бар адам бұйрық берген. Содан кейін айыпталушылардың таныстары көліктен пышақтарды алып шыққан, деп хабарлайды Orda.kz.
«Орда» тілшісі марқұм Шерзаттың отбасының адвокатынан «Чика» деген жұмбақ кейіпкер жайлы сұрағанда, адвокат ол адамның сотта куәгер ретінде жауап бергенін растады.
«Нақты ештеңе айта алмаймын. Бұл — тергеуге қатысты мәселе. Бірақ Чиканың кім екені онсыз да белгілі болып қалды. Ол күдікті ретінде емес, куәгер ретінде куәлік беріп жатыр», — деді адвокат Мейірман Шекеев.
Мейірман Шекеевтің айтуынша, бұл «Хуторлықтар» туралы Талғар тұрғындары арасында әлі күнге дейін әңгіме бар.
«Оқиға орнына барамын, адамдардан сұраймын. «Ондай болған, бар» дейді. Бірақ қылмыстық іс аясында бұған ешқандай құқықтық баға берілген жоқ», — деді Шекеев.
Оның айтуынша, сотталушылардың бірі Нұрбол оқиға орнына келген кезде өзін «хуторскиймін» деп таныстырған.
Ал Қаржаубай тергеуде мынадай түсініктеме берген. «Кезінде осы жігіттермен төбелес болған. Кейін сол жерде жабылған» күйі қалған. Сондықтан бұл жолы Қаржаубай оқиға шиеленісіп кетеді деп қорыққан.
Ал Нұрғанат Ғайыпбаев бұл азаматтарды бұрыннан таныған. Нұрғанатты бейбіт жолмен мәселені шешу үшін шақырған. Ол төбелеске шақырмаған.
Бұған дейінгі сот отырысында басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берген еді. Ол «Хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген еді. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтқан еді.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып, жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын байқағанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық