Ресейде басталған өрттің түтіні Қазақстанның үш облысына жетті

cover

Ресей аумағында басталған өрт Қазақстанның солтүстігінде жайылды.

Түтін Ақмола облысының бірнеше ауданына тарады. Өз кезегінде төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері аймақта төтенше жағдай тіркелмегенін мәлімдеді.

«Бүгін таңертең ауданға түтін жайылды. Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметтеріне сәйкес бұл ауданда орман мен дала өрттері тіркелмеген. Алдын ала деректерге сәйкес түтін Солтүстік Қазақстан облысыны мен Петропавлға тараған түтін Ресей Федерациясындағы Курганск облысындағы өрт садарынан», – делінген Біржан Сал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі хабарламасында.

Соңғы деректерге сәйкес Ресейде басталған өрттің түтіні Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақмола облыстарына тараған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар