«Қорғас» ШЫХО акциялары Жетісу облыс әкімдігінің меншігіне өтті

cover

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ «Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы» АҚ акцияларының 100 пайызы Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті.

Тиісті құжат құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған.

«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті берілсін» «Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағына 100 пайыз мөлшерінде» делінген қаулы мәтінінде.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі - 2023 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, «Қорғас» ШЫХО коронавирустық пандемияға байланысты үш жыл бойы жұмыс істемей, 24 сәуірде жұмысын жалғастырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар