Қамауда отырған Кәрім Мәсімовтің жағдайы расында мүшкіл ме? - ресми жауап
Өткен аптаның басында ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің «сот процесі кезінде есінен танып құлап, оған шұғыл ота жасалғаны» туралы ақпарат тарады.
«30 қаңтар күні Астанадағы сот процесі кезінде құлап қалды. Ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазақстан заңына сәйкес, Мәсімовтің денсаулық жағдайы тез арада қамаудан босатуға кепілдік беруі керек.
Гуманитарлық босатуға және істі оның пайдасына шешуге халықаралық шақырулар бірнеше мәрте болғанымен, Мәсімов жылдан аса уақыт түрмеде отыр. Бұл оның 30 қаңтарда құлап қалуына және ота жасатуына әкелді.
Ақпанның 6-сы күні Мәсімов ауыр инфекциядан зардап шеккеніне қарамастан, тәуір медициналық көмегі жоқ тергеу изоляторына қайтарылды» делінген karimmassimov.com сайтында.
NEGE порталы К.Мәсімовтің жағдайына байланысты ҰҚК төрағасы Е.Сағымбаевқа ресми сауал жолдаған. Сауалдарымызға бөлімше бастығы С.Ахметқалиевтан жауап келді.
«Сіз сұрап отырған мәліметтер «ҚР Халық денсаулығын сақтау туралы» заң кодексінің 273-бабы, 1-тармағына сәйкес дербес медициналық деректер, медициналық көмекке жүгіну фактісі, адам денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат және оны зерттеп қарау және емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер медицина құпиясын құрайды.
Сонымен қатар, «ҚР Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңының 1-бабы, 8-тармағына сәйкес медицина қызметкерінің құпиясы қол жетімділігі шектеулі ақпаратқа жатады.
Баяндалған негізде және ҚР «Бұқаралық ақпарат туралы» заңының 18-1-бабы 2-бөлігі, 3-тармағына сәйкес, К.Мәсімовке қатысты ақпаратты беру мүмкін емес» делінген жауапта.
Жаңалықтар
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру