Қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдерінен эвакуациялауға 4 млн доллар жұмсалды
Фото: gov.kz
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы кезінде қазақстандықтарды эвакуациялауға бюджеттен 4 млн доллар жұмсалды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Үкімет пен әуе компаниялары өте жақсы жұмыс атқарды. Алғашқы кезеңде шамамен 4 мың жолаушы эвакуацияланды. Кейін біздің азаматтардың саны 10 мыңнан асты. Жалпы бұл шараға мемлекет орта есеппен шамамен 4 млн доллар жұмсады», — деді ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкімет брифингінде.
Журналистер «Әуе компанияларының шығындары толық өтелді ме, әлде үкімет жай ғана қаржы бөліп, компаниялар соны пайдаланды ма?» деп нақтылады.
«Біз әуе компаниялары шығындарының бір бөлігін өтедік. Өздеріңіз білесіздер, ондағы жолаушылардың бір бөлігі билеттерін осы компаниялардан алдын ала сатып алған. Яғни, қызмет құнының бір бөлігі бұрыннан төленген. Соған сәйкес қосымша төлемдер болды, атап айтсақ сақтандыру тәуекелдері, сондай-ақ азаматтарды Дубайдан жағдайы тұрақты көрші елдерге жеткізу қажет болды. Осы жұмыстардың барлығына шамамен 4 млн доллар жұмсалды», — деп толықтырды министр.
Министрдің айтуынша, бұл қаражат әуе компанияларының шығындарын өтеуге, сақтандыру тәуекелдерін жабуға және адамдарды қауіпсіз транзиттік аймақтарға жеткізуге (атап айтқанда, Дубайдан көрші елдерге тасымалдауға) бағытталған.
Жалпы шиеленіс аймағынан Қазақстанға аман-есен қайтарылған азаматтар саны — 10 мыңнан асты. Негізі 3–13 наурыз аралығында отандық және шетелдік әуе компанияларының бірлескен күшімен 66 эвакуациялық рейс ұйымдастырылды.
Көлік министрінің сөзінше, бастапқыда шамамен 5 мың адамды эвакуациялау жоспарланған, алайда кейін өтініш білдірушілер саны артқандықтан, қосымша ресурстар жұмылдыруға тура келген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық