Президент ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азулені Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азулені Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азуленің ЮНЕСКО Бас директоры ретінде атқарған қызметіне жоғары баға берді.
«Сіздің парасатты әрі мықты басшылығыңызбен ЮНЕСКО диалог пен ынтымақтастық алаңы ретіндегі рөлін арттыра түсті. Жаһанда бағдарсыздық пен қақтығыстар белең алған кезде Сіз білім мен мәдениет бейбітшілікті нығайтатын маңызды құрал екенін ұдайы дәлелдеп келесіз. Еліміздің бай тарихи және мәдени мұраларына назар аудару арқылы өзара серіктестікті кеңейтіп, жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал еттіңіз, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азуле Қазақстанның бірегей мәдени құндылықтарын, тарихи ескерткіштерін, зияткерлік мұраларын сақтауға және олардың халықаралық деңгейде танылуына ерекше үлес қосқанын атап өтті.
«ЮНЕСКО-ның бастамалары мен бағдарламалары арқылы әлемдік қоғамдастық Қазақстанның Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастап, Ұлы даланың мәдени кеңістігіне дейінгі қайталанбас мұраларымен таныс болды. Сондықтан Сізге Qoja Ahmet Yasaui орденін тапсыру – мен үшін зор мәртебе. Сіз Қазақстанға, әсіресе, халқымыз үшін орны айрықша Ясауи кесенесіне қатысты үлкен іс атқардыңыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Мемлекет басшысына жоғары марапат тапсырғаны үшін алғыс айтты
«Президент мырза, маған көрсеткен айрықша құрметіңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Менің Қазақстанға алғашқы сапарым Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен тығыз байланысты. Бұл орынның тарихи ғана емес, рухани құндылығын терең сезіндім. Сол себепті ұлы ойшыл атындағы орденмен марапатталғаныма қуаныштымын», – деді Одрэ Азуле.
Еске салсақ, Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі. Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен делегация қатысып отыр. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.
Симпозиумда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар орталығының директоры Лазар Элунду Ассомо, Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Татарстан Республикасының мәдениет министрі Ирада Аюпова, La France s’engage» қорының президенті Одрэ Азуле, Моңғолия ғылым академиясының президенті Дэмбэрэл Содносамбуу, Өзбекстан ғылым академиясының президенті Шавкат Аюпов сөз сөйледі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық