Димаш Құдайберген БҰҰ елшісі ретінде Бангладештегі босқындарға қолдау білдірді
Фото: IOM Bangladesh 2026
Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі ретінде гуманитарлық миссиямен Кокс-Базар аймағына барды, деп хабарлайды Orda.kz.
БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі — танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген екені әлемге белгілі. Ол бұл мәртебеге Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) шешімімен ие болған еді.
Өңірде өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған бір миллионнан астам адам тұрады. Лагерьлер қауіпті аймақтарда орналасқан – мұнда су тасқыны, көшкін, өрт және циклондар жиі болып тұрады.
Гуманитарлық миссия барысында Димаш адамдарды баспанамен және ең қажетті заттармен қамтамасыз ететін орталықтардың жұмысымен танысты.

Сондай-ақ өнерпаз жергілікті тұрғындар өз қауымдастығының тілі, музыкасы мен дәстүрлерін сақтап жүрген Мәдени жады орталығына барды. Онда ол музыканттармен және музыкалық аспап шеберлерімен кездесті.
Кокс-Базар ауданында тұрақты гуманитарлық қолдауды қажет ететін мәжбүрлі қоныс аударған адамдардың едәуір бөлігі тұрады.Халықаралық ұйымдар мен жергілікті серіктестер тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру мен әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша көмек көрсетуді жалғастыруда.
Бұл өңір климаттық және табиғи қауіп-қатерлерге байланысты қосымша сын-қатерлерге де тап болып отыр. Атап айтқанда, маусымдық су тасқындары мен циклондар гуманитарлық қызметтің жүзеге асырылуын және жергілікті қауымдастықтардың тұрмыс жағдайын күрделендіруде.
Гуманитарлық миссия аясында Халықаралық көші-қон ұйымының Кокс-Базар өңіріндегі гуманитарлық бастамаларымен танысуға, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын гуманитарлық қолдау мен өңірдің даму мәселелеріне аударуға бағытталған бірқатар кездесулер мен сапарлар жоспарланған.
Миссияның басты міндеті — шөшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз көші-қонды насихаттау және әлемдік қоғамдастықтың назарын осы мәселеге аудару. Димаш Құдайберген осы мәртебе аясында гуманитарлық миссиялармен әлемнің түкпір-түкпіріне, соның ішінде Бангладештегі лагерьлерге барып, көмекке мұқтаж жандарды қолдайды.
Димаш Құдайбергеннің БҰҰ-дағы осы маңызды миссиясы және оның атқарып жатқан жұмыстары жайлы DimashNews.com сайтында тұрақты жазылып тұратынын естеріңізге саламыз.
Оқи отырыңыз:
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» сыйлығын төртінші рет жеңіп алды
- Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды
- Алматыда Димаш Құдайберген продюсерлік еткен «Көкжиектен асқан үн» халықаралық жобасының тұсаукесері өтті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық