«Әуе таксиі» Алматы маңында ұшты: Alatau City-де eVTOL алғаш рет көрсетілді
Фото: Orda.kz
Алматы маңындағы Alatau City аумағында Қазақстандағы алғашқы eVTOL базасындағы әуе таксиінің демонстрациялық ұшуы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Жобаны жүзеге асырып жатқан — Alatau Advance Air Group Ltd. компаниясы. Бұл Орталық Азиядағы Urban Air Mobility (UAM), яғни қалалық әуе мобильдігін дамыту бағытындағы алғашқы ірі жобалардың бірі болды.
eVTOL — тік ұшып-қонатын, толықтай электр қуатымен жұмыс істейтін жаңа буын әуе көлігі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл — тікұшақ пен дронның арасындағы гибридке ұқсайтын, бірақ жанармайсыз ұшатын аппарат.
Компания өкілдерінің айтуынша, болашақта әуе көлігінің үш түрлі моделі шығарылмақ. Алғашқысы — жүк тасымалына арналған карго нұсқасы. Екінші түрі адамдарды тасымалдауға және төтенше жағдайларда қолдануға бейімделген. Мұндай аппараттар жоғалған адамдарды іздеуде, өрт кезінде бақылау жүргізуде және құтқару операцияларында тиімді болуы мүмкін.
Аппараттың ішіне алты адамға дейін сыяды. Ол 300 метр биіктікке көтеріле алады және шамамен 400–500 келіге дейін жүк көтереді. Бір рет қуатталғаннан кейін 250 шақырымға дейін ұша алады. Қуаттау уақыты — шамамен бір сағат.
Негізгі ерекшелігі — ұшақтың толықтай электр қуатымен жұмыс істеуі. Әзірлеушілер оны экологиялық таза көлік ретінде ұсынып отыр.
Мамандардың болжамынша, мұндай әуе таксиі Қазақстанда 2028 жылға қарай қолданысқа берілуі мүмкін.
Әзірге бұл жоба футуристік көрінгенімен, әлемнің бірнеше елінде eVTOL технологиялары белсенді түрде тестілеуден өтіп жатыр. Қазақстан да енді «кептелістен аспан арқылы қашу» идеясын сынап көрмек.
Қазақстанда қалалық ұшатын әуе такси жобаларымен қатар әуежайларда биометриялық бақылау жүйесін енгізу де басталып жатыр. Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстанда жаңа бағыт саналатын әуе такси сегментін дамыту аясында отандық компаниялар тестілік ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алып жатқанын айтты. Сонымен қатар қону алаңдары мен операциялық орталықтың құрылысы басталған.
Оның айтуынша, әуежайларда жолаушыларды тексеру уақытын үш минуттан 50 секундқа дейін қысқартатын Q-Gate цифрлық жүйесі де кеңейтіліп жатыр. Астана мен Алматыдағы 16 терминалға биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтауда тағы 16 терминал қосылады. Келесі кезеңде Астана–Шымкент бағытындағы ішкі рейстерде биометриялық тексеруді енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
«Цифрлық технологиялар жүк тасымалы саласында да белсенді енгізілуде. e-Freight ақпараттық жүйесін іске қосу әуе жүктерін өңдеу процесін толық электронды форматқа көшіріп, оны бір күннен бір сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді», — деді Нұрлан Сауранбаев.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан бұл бағытта Еуропа мен АҚШ-тан қалыс қалмауы керек екенін айтты.
«Еуропадағы EASA және АҚШ-тағы FAA секілді әлемдік реттеушілер коммерциялық аэротаксилерді сертификаттау ережелерін әзірлеп қойған», — деді Бектенов.
Премьер-министрдің сөзінше, Қазақстан аэротакси, дрондар және жаңа буындағы ұшу аппараттарын енгізуге қазірден дайындалуы қажет.
Осыған байланысты көлік министрлігіне маусым айының соңына дейін қалалық әуе мобильділігіне қатысты қажетті заңнамалық түзетулерді әзірлеп, қабылдау тапсырылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық